«Жастар бастамаларын дамыту орталығымен» меморандумға қол қою

Көру: 715

«Жастар бастамаларын дамыту орталығымен» меморандумға қол қою

29 ақпанда Алғыс айту күніне орай жастарға қызмет көрсету Орталығында әр түрлі санаттағы жастардың қабілеті мен дамуындағы жеке қасиетіне байланысты жұмыс ортасын кеңейту мақсатында «Жақсы адам жүр жанымызда» атты кездесу өтті. Осы іс-шараның аясында Павлодар облысы жастар саясаты жөніндегі басқармасы «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ-мен 11 мекеме, ішінде Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы бар, серіктестік барысында меморандумға қол қою салтанатты рәсімі болды. Іс-шара өткізуде ұйымдастырушылар өз істерімен таныстырды, ал тәрбиеленушілер шығармашылықтарын көрсетті. Осы серіктестік 14-29 жас аралығындағы жастар қоғамын психологиялық әлеуметтік үйретуге қабілетті болады. 

Ұқсас жаңалықтар