Кенжекөл ауылының қызметкерлері дамып жетілуде

Көру: 358

Кенжекөл ауылының қызметкерлері дамып жетілуде

«Асыл бала» Республикалық қауымдастығы  директордың орынбасары Жусупекова Б.А. мен психолог А.А.Карабаева  «Өмірдің ауыр жағдайдарында балалардың дамуы мен психологиялық денсаулығы білім берудегі саясат пен тәжірибе» атты халықаралық семинарға қатысуға шақырту алды. Семинарға «Халықаралық жәрдемдесу тобы» Қайырымдылық ұйымының директор кеңесінің төрағасы мен құрылтайшысы Лариса Мейсон қатысты. Сонымен қатар кездесуге Питтсбург университетінен (АҚШ) және Санк-Петербург мемлекеттік университетінен (Ресей) халықаралық сарапшылар қатысты. Еркін жағдайда жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың қазақстандық мекемелердегі жұмысы туралы көптеген сұрақтар талқыланды, сонымен қоса оларды жаңғырту жолдарын талқылады. Сондай-ақ арнайы мекемелердегі дамуында түрлі кемшіліктері бар балаларға көмек көрсету мәселесі де қаралды. Жусупекова Б.А. қарым-қатынас алаңында өзінің балалар үйіндегі тәрбиеленушілерге психологиялық жағымды жағдай жасау оң әлеуметтік тәжірибе құру және балалар ауылының серіктестігімен қарым-қатынас бойынша тәжірибесімен бөлісті. Кездесуге қатысушылар бір ойға келді, баланың дамуына қажеттілердің сай келуін қолдауға ерте жастан араласу, «ана (жақын үлкен) - бала» жүйесінде тәуелді болу түрлері мен тәртіп моделін жасау. Барлық сұрақтар талқыланып болған соң «Асыл бала» Республикалық қауымдастығының төрайымы Анара Рахимбаева және «Халықаралық жәрдемдесу тобы» Қайырымдылық ұйымының директор кеңесінің төрағасы мен құрылтайшысы Лариса Мейсон барлық қатысушыларды сертификатпен марапаттады.

Ұқсас жаңалықтар