«Voluntеer.kz» Республикалық Форумының қатысушысыларымен кездесу

Көру: 38149

«Volunter.kz» Республикалық Форумының қатысушысыларымен кездесу «Volunter.kz» Республикалық Форумының қатысушысыларымен кездесу

6 желтоқсан күні «Кенжекөл ауылының Отбасы үлгісіндегі  балалар ауылы» КММ  «Volunteеr.kz» бағдарламасы шеңберінде «Event-еріктілік» әлеуметтік жорығы» атты  Республикалық форум өткізілді. Балалар ауылының тәрбиеленушілеріне  Қазақстанның әр-түрлі қалалары  мен ТМД елдерінен 30 еріктілер  келді.

Балалар волонтерлерді мәжіліс залында қарсы алды. Онда Ұлттық еріктілік желісінің директоры Т.А.Миронюк басшылығымен тренингтік және ойын жаттығулары балалар мен еріктілер  арасында өтті. Кездесу «Песни добровольца» атты әнімен аяқталды. Онымен  Ставрополь және Кавказ еріктілерінің қозғалысын  үйлестіруші В.В Митрофаненко таныстырды.

Бұл форум мобильді және дәстүрлі болмақ. Әр жыл сайын Қазақстан қалаларынын бірінде еліміздің түкпір-түкпірінен келген еріктілер мен спикерлер кездеседі. Тәрбиешілер еріктілермен кездескендеріне қуанышты болды. Себебі олар әр-түрлі облыстардан келген еріктілердің қызметі мен жобалары туралы біле алды. 

Ұқсас жаңалықтар