Майра Шамсутдинова атындағы ән шығармашылық мұражайын аралау

Көру: 634

Майра Шамсутдинова атындағы ән шығармашылық мұражайын аралау Майра Шамсутдинова атындағы ән шығармашылық мұражайын аралау

2016 жылы мамыр айында танымал павлодарлық әнші Майра Шамсутдинова 125 жасқа толады. Осыған орай балалар ауылының тәрбиеленушілері М.Шамсутдинова атындағы ән шығармашылық мұражай-үйін аралады. Экскурсия кезінде балалар орындаушының өмірі мен шығармашылығы туралы деректерді қызыға тыңдады, әндері мен Майраның Александр Затаевичпен бірігіп ән жинағандығы туралы білді, жеке заттары қойылған көрмені көрді, ескі музыкалық аспаптар, 19 ғасыр аяғы мен 20 ғасыр басындағы тұрмыстық заттар, павлодарлық әнші-ақындар суреттері балаларға жақсы әсер қалдырды. Галиев Андрей мұражай ұжымына бірнеше музыкалық шығармадан үзіндіні пианинода ойнап берді. Балалар мұражайдың өздеріне ұнағандығы туралы алғыстарын жазба кітапқа жазып кетті.

Ұқсас жаңалықтар