Декаданың ашылуы: «Өзін – өзі тану: шығармашылық және махаббат педагогикасы»

Көру: 883

Декаданың ашылуы: «өзін – өзі тану: шығармашылық және махаббат педагогикасы»

2016 жылдың ақпанның екісінде Кенжекөл ауылының  отбасы үлгісіндегі балалар ауылында   «Өзін – өзі тану: шығармашылық және махаббат педагогикасы» декадасы басталды. 

Декада мерекелік жиынмен және балалар үйінің директоры Динара Жоламанқызы сөзімен басталды. Педагог – психолог декаданың өту жоспарымен таныстырды. Одан кейін бірінші сынып оқушылары махаббат, өмір және жақсылық туралы тақпақтарын оқыды. Ал Флекман Богдан «Улыбка» атты өлең шырқады және Павлодар Мемлекеттік педагогикалық институтының студент –тәжірибеден өтушілері белсенді қатысты.  Олар өзін – өзі тану пәнінің  әннұранын шырқады. «Лидер» атты өзін – өзі басқару мектебі өздерінің үлесін қосты. Балалар ауылының әкімі Галиев Андрей «Мен және қоршаған орта» атты өзін – өзі тану бөлімінен викторина өткіздірді. Қорытынды бойынша кішігірім «Знаток природы Казахстана» атты дипломдарымен марапатталды.

Сонымен қатар кітапханада «Мейрім төгетін ана»  атты кітап көрмесі өткізілді. Бұл көрмеде ішкі дүниетанымның С.А. Назарбаеваның  «Өзін – өзі тану» атты бағдарламаның білім беру жүйесі айтылды. Кітаптар арасында: «Өмір Әдебі», «Ұстаздан ұлағат», «Өзіңе жол».

 

 

Ұқсас жаңалықтар