Тиімді ойын түріндегі педагогикалық кеңес

Көру: 492

Тиімді ойын түріндегі педагогикалық кеңес Тиімді ойын түріндегі педагогикалық кеңес

22 қаңтар 2016 жылы «Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылында» «Патронатты тәрбиеге байланысты балалар ауылының ұстаздар іс-әрекетінің мазмұны мен оны ұйымдастыру» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті. Патриоттық тәрбие тұжырымдамалық негіздегі тәрбиенің басым бағыттарының бірі болып табылады, осыған сәйкес, педагогикалық кеңестің қорытындысы «Біздің Отанымыз» атты патриоттық тәрбиедегі бағдарламаны 5 жылдық мерзімге бекіту болды. Бағдарламаның мақсаты, міндеті, бағыты мен күтілетін нәтижесі ұсынылған, шығармашылық тоб құрамында: Смайлханова Анар Қорғанқызы, Иманғалиева Толқын Есенқызы, Маймышева Айнагүл Тұрмысқызы кіретін топ патриоттық тәрбие бойынша «Біздің Отанымыз» атты бағдарламаны дайындап, жобасын көрсетті. Педкеңестің практикалық бөлімінде тиімді ойын өткізілді. Ұстаздар мен тәрбиешілердің біріккен іс-әрекеті балалардың жастық ерекшелігін айқындауға көмегін тигізді, өз ойларын ұсынуға және жобаның қысқаша мазмұнын жасауға мүмкіндік берді. Педкеңестің қатысушылары арасында кәсіби сұхбат шаруашылық, мейірім, тәжірибе алмасу және ынтымақтастықта өтті.

Ұқсас жаңалықтар