Әрқашан көмектесуге қуанамыз

Көру: 529

Әрқашан көмектесуге қуанамыз

13 қаңтар күні жоғарғы сынып оқушылары Кенжекөл ауылына зейнеткер Неуироева Нина Николаевнаның үйіне көмектесуге барды. Калинин Женя, Колчин Давыд, Долинский Женя, Чембура Максим, Стяжкин Петя, Стяжкин Коля есік алдындағы қарды тазалауға көмектесті, шаруашылық алаңдарға баратын жолды, қақпа сыртын қардан тазалады. Біздің көмегімізден кейін жүк машинасына көмір түсіру үшін кіру оңай. Кейін Нина Николаевнаға үлкен қатты көмірді ұсақтап, ағаш кіргізіп берді. Әже көмекке алғысын білдірді, біз  де Жаңа жылымен құттықтап қабырға сағатын сыйға бердік. Біздің балаларға көмек қолын созған өте ұнады, жалғыз басты қарт адамдарға көмектесу жақсы іс.

Ұқсас жаңалықтар