Ольга Григорьевнамен кездесу

Көру: 479

Ольга Григорьевнамен кездесу

15 желтоқсан күні балалар ауылында Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне байланысты мереке өтті. Бұл мерекеге Бұқар жырау  атындағы  мұражай  өкілдері  мен  біздің Павлодар  қаламыздың  ақыны  Григорьева Ольга Николаевна  қонақ болып келді. Бізді қызықтыратын сұрақтардың жауабын  табуға  жақсы мүмкіндік туды. Яғни, біздің, бұл ақынға қойған сұрақтарымыз:  «Оның шығармашылығы қалай басталды?»,  «Онда қанша кітап бар екені?» сияқты сұрақтар  болды.

       Ольга Николаевна бізді өзінің жаңа «Армысың  туған жерім!» атты  кітабымен таныстырды. Бұл кітап шынымен де керемет екен!Кітаптың басты кейіпкері ертегілік бала Экоша, Қазақстанның әртүрлі облыстарында  болып, Қазақ елінің көркем табиғаты мен  көптеген әсем  ғимараттары  туралы  балаларға айтып  ой бөліседі. Біз Ольга Николаевнаны таңқалдырамыз деп, оған  оның  шығармашылығынан  бірнеше өлең жолдарын  арнадық. Олар: «Сапарға шақыру» , «Балалық шақтың Астанасы», «Ертіс жағасында», «Ұлы Жібек жолы»,  «Ежелгі хандыққа сапар». Бұл кездесу өте қызықты өтті. Ольга Николаевна біздің кітапханаға  естелікке  өзінің қол қойылған кітабының экземплярын  сыйлады. Ал біз оған әртүрлі ашық хаттар мен қолымен жасаған бұйымдарымызды сыйладық.

Ұқсас жаңалықтар