Тұңғыш президент күні

Көру: 571

Тұңғыш президент күні

30 қараша күні  президент күніне байланысты мереке қарсаңында Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылында «Біздің президент» атты сайыс өтті. Бұл сайыстың негізгі мақсаты – қазақ халқының көшбасшысы, тұңғыш президент туралы және оның жетістіктері мен рөлі туралы тәрбиеленушілердің  білімдерін кеңейтіп, тереңдету болып табылады. Мерекеге мамандырылған  ауданаралық кәмелетке толмағандардың істері  жөніндегі сот  төрағасы Дайкенов Марат Темірболатұлы шақырылды.

         Әрбір жұмыс өзінің  мағыналығымен, түрлі-түсті слайдтарымен , анимацияларымен, фотосуреттерімен, құжаттарымен ерекшеленді. Алғашқы президенттің  өмірі мен қызметі туралы балалардың көп мәлімет жинап, үлкен ізденіс жұмысын жүргізгенін көруге болады. Бұл сайыстың нәтижелері бойынша 1- орынға ие болған  «Шапағат» отбасысының тәрбиеленушілері, 2- орынға ие болған отбасы  «Айгөлек», ал 3-орынға ие болған отбасы «Балдаурен». 

Ұқсас жаңалықтар