Ризашылық күні

Көру: 588

Ризашылық күні Ризашылық күні

     Ризашылық күніне  байланысты 26 қарашада Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылында «Қазақстан балалары-Нұрлы жолмен» атты қамқоршылық мерекесі өтті. Балалар мен ересектер бұл күнді көптен күткен еді. Мерекеге «Казэнергокабель» АҚ, «Павлодар-домофон» ЖШС, қоғамдық фонд «Жас қанат» өкілдері мен әлеуметтік серіктестер яғни Балалар музыкалық мектебі мен балалар спорт клубы «Сұңқар» сияқты қонақтар келді. Сонымен қоса мерекеге  Кенжекөл ауылының  ардагерлер кеңесінің  өкілдері:  Есенова Майкен  Имангалиқызы, Казапов Юрий Афанасьевич, Жолдыбаев Зарылхан Абдрахманұлы  және көркем мүсінші- Бота Машрапов қонақ болып келді. Бұл көптен күткен  мерекенің  басталуын әсем әуеннің шырқалуынан, салтанатты  безендірілген зал мен балалардың күлкісінен  көруге болады. Ризашылық күні  балалар энциклопедиядан, велосипедке дейін  көптеген  сыйлықтарға ие болды. Мерекенің соңында  тәрбиеленушілер ерекше сезіммен  жақсы көңіл-күймен өз қолымен жасаған алғыс сыйлықтарын қонақтар мен  тәрбиеші –аналарға  тарту етті. Әрбір алғыс сыйлық мейірімділікті, ризашылықты, балалардың күлкі-қуанышын білдіреді. Мереке жақсы көңілді атмосферада кешкі аспен аяқталды. Мерекенің соңында балалар мен ересектер ризашылық күні туралы өз әсерлерімен бөлісіп, оқу мен  өмір сүруге  жағдай жасайтын, қамқоршылық ететін  адамдарға алғыс сөздерін білдірді. 

 

Ұқсас жаңалықтар