«Мейірімділік- адамгершілік бастауы» атты форумға қатысу

Көру: 8834

«Мейірімділік- адамгершілік бастауы» атты форумға қатысу

30 қазан күні біздің ауылдың «Болашақ» волонтер орталығы «Мейірімділік- адамгершілік бастауы» атты  облыстық  қорытынды форумына қатысты.

Форумның ұйымдастырушылары, әлеуметтік-волонтерлік орталығы облыстық волонтерлар үшін секциялар бойынша  жұмыс жүргізді. «Жобаларды  басқару» секциясына  Ермоленко Галина, «Волонтерлер жұмысын ұйымдастыру»  секциясына Чембура Максим, «Көшбасшы»  секциясына Слюсарь Кристина  мен Белов Олег  қатысып, көшбасшылық қасиеттерді дамыту туралы жетік білім алды. Балалар ауылының әкімі Галиев Андрей «Волонтердің қоғамдағы бейнесі» атты секциясында жұмыс атқарды. Тәрбиеленушілер бұл секциялардың арқасында  өздеріне  көп танымдық және қызықты мәліметтер алып, басқада облыс аудандардың волонтерларымен танысты. Кездесудің  қорытынды бөлігінде тәрбиеленушілер «Болашақ» волонтерлік орталығының  ресми қайсарлығынан өтті. «Болашақ» атты волонтерлік топқа сертификаттар мен волонтерлік кітапшалар берілді. Тәрбиеленушілер үшін ең басты оқиға болып, «Жас волонтер-2015»  номинациясымен  марапаттау болды. Тәрбиеленушілер өзінің жетістіктеріне қуанып, риза болды. Өйткені, бұл тәрбиеленушілердің  балалар ауылындағы  волонтерлік  қозғалысының  ең бірінщі  жетістігі еді. 

 

 

Ұқсас жаңалықтар