«Болашақ» атты еріктілік орталығының іс-әрекеті

Көру: 951

«Болашақ» атты еріктілік орталығының іс-әрекеті

Балалар ауылының тәрбиеленушілерін «Павлодар облысының мугедек қарттарға арналған жалпы типтік медициналық әлеуметтік мекемесі» ММ  кіре берісінде бірден такиды. Өйткені, біздің тәрбиеленушілеріміз бұл мекемеде қайырымдылық концертін бірінші рет көрсетіп тұрған жоқ. 22 қазан күні балалар «Болашақ» атты еріктілік орталығымен «Сіздерге тілейтініміз...» атты концерттік бағдарламамен концерт қойды. Қарт адамдарға өз ниеттерімен келген жас балалардың өлеңдері,билері, тақпақтары, ойындар өте ұнады. Балалар «Нұр» және «Бақыт» атты отбасы аналары мен тәрбиеленушілері өз қолдарымен жасаған бұйымдары мен пісірген торттарын қарттарға сыйлыққа тарту етті. Бұл кездесу еріктілер ұшін тағы бір мейірімділік пен жомарттылықтың көрсеткіші болды. Олар қамқорлықты және олардың өмірлеріне араласуды қажет ететін адамдарға жақсы көңіл - күй мен қуаныш минуттарын сыйлағандары үшін өздері мәз болды.

Ұқсас жаңалықтар