Қамқоршы күнімен!

Көру: 47

Қамқоршы күнімен! Қамқоршы күнімен!

25 қазан күні балалар ауылының жиналыс залында жыл сайынғы дәстүрлі "Қамқоршы күні"  мерекесі өтті.Бұл мереке жандандыру және насихаттау, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасылық орналастырудың нысандарын қамтамасыз ету мақсатында өткізілді. бұлкүні балалар ауылына патронат отбасы, асырап алған отбасылар сондай-ақ , құжаттары  ресімдеу кезінен өтіп жатқан отбасылар келді: Левченко Е.И., Шыныбаева К.Х., Мукашева К.Н., Кошкинбаева Т.Т., Шакутова Т.И. Тәрбиеленушілер бұрын бірге тұрған достарымен көрісіп, әңгімелесе алды.

Сыйлық ретінде балалар ауылының тәрбиеленушілері көрермендерге музыкалық және көркем номірлерін  көрсетіп, алғыстарын білдірді.

Барлық қорғаншылар сахнаға шақырылды. Онда олар өз  болашақ жоспарлары мен мақсаттарымен  бөлісе  алды. Отбасын құру жөнінде өз тәжірибесімен бөлісе алды. Осындай мерекені марапатсыз елестете алмас, барлық қамқоршыларға келесі номинациялар бойынша  грамоталар табыс етілді: «Большое сердце», «Самая дружная семья», «Вместе весело шагая».

Қамқоршылардың атынан жауапты алғыс сөздер айтылды. Дәстүрге айналған  мерекеде, көніл бөлінгені үшін, қамқорлық жасап жатқаны үшін және мерекені ұйымдастырғаны үшін алғыс сөздер айтылды. Мереке соныңда ортақ сурет түсумен және шай ішумен аяқталды.

Ұқсас жаңалықтар