Жас стилисттер мектебі

Көру: 66

Жас стилисттер мектебі Жас стилисттер мектебі

20 қазан күні балалар ауылының  шаштаразында «Zhas Project» жастар корпусы,  даму жобасының ақырғы кезеңі өтті. Осы жобаға үш тәрбиеленуші қатысты: Букенова Д., Чупина С., Ермоленко Г.

Қыркүйекте, бірінші кезең кезінде, тәрбиеленушілер Павлодар қаласының «Премиум» оқу орталығының «Кірпік өсіру»  (классика, 2D-5D көлем) мамандығы бойынша  толық курсын өтті.  Оқудың соныңда қыздарға «Кірпік өсіру маманы» деген  біліктілік берілді.

Қазан айында «La Belle» сән салонының  мастеры Асел Султановна Кадырованың  басшылығымен үш күндік курс өтті. Қыздар «Классикалық кеспелтек маникюр», және де гель және гель-лакпен жұмыс істеуді үйренді.  Жоба барысында қыздар теориялық білім және әр курс соныңда тәжірибелік жұмыспен және емтиханмен аяқталды.  Олар курста алған білім дағдылырын көрсете білді. Барлық кезеңдерде балалар ауылының педагогтары мен  тәрбиешілері қолдау көрсетіп, модель ретінде қатысты.

Бұл жоба ең алдымен қыз балаларды өз-өзін күтуге үйретеді. Сондай-ақ, кәсіби іскерлікті дағдыландырады, ол болашақта мамандық таңдауға пайдалы болуы мүмкін.

 

 

Ұқсас жаңалықтар