Педагогикалық кеңес «Өткен оқу жылының талдауы»

Көру: 4038

Педагогикалық кеңес «Өткен оқу жылының талдауы»

     28 тамызда балалар ауылында «Өткен оқу жылының талдауы» атты педагогикалық кеңес өтті. БА директоры Д.Ж.Темірханова өткен оқу жылының қорытындыларын шығарып, педагогтармен бірігіп жаңа оқу жылына міндеттер қойды. Педкеңес барысында 2015-2018 жж арналған бағдарламаларды рецензиялау қорытындылары шығарылды.

     Әдіскер К.О.Литвиненко «СемьЯ» тәрбиелеу моделін жүзеге асыру бойынша мониторинг қорытындыларымен таныстырды. Мониторинг келесі бағдарламалар: тәрбие, үлгерім, бос уақыт, еңбекке орналастыру деңгейлері бойынша 2012 ж бастап жүргізіліп келеді.

     Ана-тәрбиеші Л.М.Скрынчук «Толқын» отбасының балалар үлгісінде «Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» тақырыбы бойынша сөз сөйледі. Педкеңес соңында педагогтар алғыс хаттар және сыйлықтармен марапатталды. 

Ұқсас жаңалықтар