Денсаулық күні

Көру: 472

Денсаулық күні Денсаулық күні

21 тамызда балалар ауылының ұжымы ҚР Ата заңын мерекелеу шеңберінде табиғат аясында денсаулық күнін өткізді. 3 кезеңнен құралды: 1 кезеңде күзгі гүл шоқтары конкурсы өтті. «Толқын», «Балауса», «Нұр» отбасылары жүлделі орындарға ие болды. «Космо гүл шоғы», «Таңдаулы тұсаукесер», «Табиғат сыйы» номинациялары бойынша «Бота», «Шапағат», «Бақыт» отбасылары аталып өтілді. Футбол бойынша турнир ұйымдастырылды. Ең қызықты сәт 8 станция бойынша саяхат болды. «Патриот», «Жұмбақ шеш», «Секір, секір» және басқа да зияткерлік, спорттық станцияларда тәрбиеленушілер өз білімдерін, күштерін, ептіліктерін көрсетті. «Балдәурен», «Балауса», «Нұр» отбасылары жүлделер алды. Тәрбиеленушілер медқызметкер мен жүргізушінің станцияларында белсенді өнер көрсетті. Табиғат аясында өткізілген денсаулық күні барлықтарының көңілінен шықты.    

 

Ұқсас жаңалықтар