Соттармен кездесу

Көру: 1283

Соттармен кездесу

  2015 ж 8 маусымда «Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» ММ-де Павлодар облысы кәмелет жасқа толмағандар ісі бойынша мамандандырылған ауданаралық соттың соты Г.Б.Рахматуллина, Павлодар қ. ІІД КЖТІ бойынша аға инспекторы Р.Ш.Сүлейменов тәрбиеленушілерімен кездесу өтті. Кездесу балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған «Қазақстан балалары Нұрлы жолмен» акциясының шеңберінде өтті, тақырыбы: «Балалардың құқықтары мен міндеттері»

 Сот Ғалия Балтабайқызы тәрбиеленушілерге  кәмелет жасқа толмаған-дардың әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі туралы айтты, өз жұмыс тәжірибесінен жасөспірімдердің заңды бұзуы және жазалау түрлеріне мысалдар келтірді. Руслан Шаймарданұлы ішімдік ішу, темекі тарту, қоғамдық жерлерде қоқыс лақтырғаны үшін әкімшілік жазалау түрлері жөнінде  және әкімшілік айыппұл салынатындығын айтты.

  Балалар ауылының тәрбиеленушілеріне кездесу қызықты болды.  

Ұқсас жаңалықтар