«Шақырылған кешкі ас» жобасының соңғы кезеңі.

Көру: 4065

«Шақырылған кешкі ас» жобасының соңғы кезеңі. «Шақырылған кешкі ас» жобасының соңғы кезеңі.

2015 ж 29 мамырда тәрбиеленушілер арасында «Шақырылған кешкі ас» жобасының соңғы кезеңі өтті. Бұл кезеңде қатысушылар 2000 теңгеге азық-түлік сатып алып, екі түрлі салат жасаулары керек: ет салаты және жеңіл салат. Салаттарды дайындап, безендіру әр түрлі болды. Әділқазылар алқасы Кенжекөл ЖОБМ педагогтары болды, олар таңқалғандарын жасырмады, орын берер кезде біраз қиналды.Үшінші кезең соңғы болғандықтан орындар анықталды. Бас жүлде – Максим Чембура, 1-орын Белов Олег, 2-орын Колчин Давыд, 3-орын Галиев Андрей. Балалар алғыс хат және ақшалай сертификаттармен марапатталды. Сыйлықсыз ешкім қалған жоқ, қалған қатысушылар әр түрлі номинациялар бойынша  алғыс хат және сертификаттармен марапатталды: Слюсарь Кристина «Ең өзіндік безендіру», Ермоленко Роман «Ең тәтті торт», Роот Таня «Ең өзіндік салат», Жакипова Камила «Ең өзіндік негізгі тағам», Бүркітов Нұрқанат  «Жас аспаз». Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!!! 

Ұқсас жаңалықтар