«Шақырылған кешкі ас» жобасының екінші кезеңі!

Көру: 302

«Шақырылған кешкі ас» жобасының екінші кезеңі!   «Шақырылған кешкі ас» жобасының екінші кезеңі!

9 сәуір «Шақырылған кешкі ас» жобасының екінші кезеңі аяқталды. Бұл кезеңде бүкіл отбасы мүшелеріне 3000 теңгеге кешкі ас әзірлеу керек еді. 8 сәуірде «Шақырылған кешкі ас» жобасына қатысушылар азық-түлік бағаларын зерделеу мақсатында «Манақбай» сауда үйіне барды,  10 сәуір күні таңертең азық-түлік сатып алынып кешкі ас әзірлеуге 4 сағат берілді.       Әділқазылар мүшелері ретінде Кенжекөл ЖОБМ мұғалімдері шақырылды, балалар өздерінің мұғалімдері бағалайтынын күтпеген еді.  Әр қатысушы дастархан мәзірі мен безендіруіне шығармашылықпен қарады, қорытындысы:  1-орын «Нұр» мен «Бақыт» отбасылары, 2-орын   «Балдәурен», «Болашақ», «Айгөлек» отбасылары,  3-орын «Балауса» мен «Шапағат» отбасылары. Балаларды алда соңғы шешуші кезең күтуде, сондықтан да табыстар тілейміз!

Ұқсас жаңалықтар