Қарттар үйіндегі концерт

Көру: 446

Қарттар үйіндегі концерт Қарттар үйіндегі концерт 

   Бүгін қарттар үйінде Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған концерт болды. Концерт балалар ауылы тәрбиеленушілерінің күшімен ұйымдастырылды. Қарттар жас әртістердің әндері мен билерін қошеметпен қарсы алды. Біздің ең кішкентай әртісіміз Камиль Ленчин «Звездочка» тақпағын айтқан кезде көпшілігінің көзіне жас үйірілді. Концерт соңында балалар өздері дайындап әкелген тәттілерді ұсынды. Барлық тәтті торттарды тәрбиеленушілер өз ана-тәрбиешілерімен бірге пісірді. Қарттар үйінің әкімшілігі концерт үшін алғыс білдіріп, тағы да қонаққа шақырды.  

Ұқсас жаңалықтар