«Сіздің еңбегіңіз үшін рахмет айтамын...»

Көру: 89

Менің тәрбиеші-анам Шолпан-әлемдегі ең жақсы адам! Мен оны жақсы білемін! Жеке мен үшін ол көп нәрсе істеді. Ең бастысы мен оны бағалаймын, түсінемін. Менің жетістіктерім ол оның еңбегі, оның жетістігі! Ол спорт болсын, әдеби сөз, оқу болсын. Ол мені батылдыққа үйретті, ынта-жігерге, еңбекқорлыққа. Ол мені мақтан тұтады. Менің жетістіктеріме қуанады! Шолпан ана сүйетіндей, мені ешкім сүйе алмайды, мен оны білемін!  

Менің қалайтыным, оның өмірінде тек бақытты сәттердің болуын!

Жуыр арада «Мұғалімдер күні». Мен ол кісіге тілейтінім бақыт, еңбегінде тек жетістік! Сөз беремін, мен ол кісіні ешқашан сенімінен шығармаймын.

Ленчин Камиль, 8 жас

  

Ұқсас жаңалықтар