Көркемөнер музейінде

Көру: 292

       Көктемгі демалыста балалар ауылының тәрбиеленушілері 1964 жылы құрылған Павлодар облыстық көркемөнер музейіне барды. Бұл Қазақстан бойынша құрылған екінші музей. Музейдің 40 жылдық тарихында сурет өнерінің ғажайып жиынтығы жиналған, барлығы 5500 экспонаттан асады. Экскурсия жетекшісі Эльмира музей қорынан Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған Армения суретшілері туындыларының көрмесімен таныстырды. Павлодар облыстық көркемөнер музей қорында армения суретшілерінің сурет өнері, графика, мүсіндердің үлкен жиынтығы жиналған (90 туындыға жуық). Біз атақты суретшілер апалы-сіңілі Мариам, Ерану, Асламазян, С.Галастян, А.Бекарян, Д.Налбандянның суреттерін көрдік. Бізге жас суретшілердің суреттері өте ұнады, көркемөнер музейінде балалар суреттерінің студиясы жұмыс істейді. Суреттер махаббат және ықыласпен салынған. Біз музейге барғанымызға ризамыз.

Ұқсас жаңалықтар