Наурыз -2015

Көру: 418

Наурыз -2015   Наурыз -2015

 

    Наурызда орталық алаңда кәсіпкерлер клубы Кенжекөл ауылы отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілерін қабылдады. Балалар ашық-жарқын костюмдерде мейрамға қатысуға Павлодарға келді. Ең талантты деген 16 бала мерекелік бағдарлама дайындады. Кәсіпкерлер клубы киіз үйінің жанында балалардың өнерін тамашалау үшін павлодарлық көрермендер жиналды.  

     Театрландырылған көрсетілім кезінде бүлдіршіндер домбырада ойнап, өлеңдер оқыды және қазақ ұлттық билерін биледі. Балалар көрсетілім арасында өздерінің ең таңдаулы нөмерлерін ұсынғандарын айтты. Кенжекөл балалар ауылы тәрбиеленушілерінің шығармашылық қабілеттері көпшілік жұртқа мәлім. Балалар қалалық, облыстық, республикалық конкурстарға үнемі қатысып тұрады. Осы жолы да Наурыз мейрамына қатысудан шет қалмадық.  

    - «Кәсіпкерлер клубы біздің тәрбиеленушілердің шығармашылық қабілеттерін көрсетуге шақырды, - деді Кенжекөл ауылы отбасы үлгісіндегі балалар ауылының директоры Динара Жоломанқызы - Бұл біздің алғашқы шарамыз. Болашақта клубпен ынтымақтастығымызды кеңейтіп, жалғастырамыз деген ойдамыз.  Бұрын «полк ұлы» деген болды ғой, енді «фирма ұлы», «фирма қызы» болады деп жоспарлаудамыз, яғни, кәсіпкер тәрбиеленушіні қол астына алып, белгілі бір мамандыққа оқытатын болады. Болашақта еңбекке орналасуына көмектесіп, қадағалап отыратын болады».

 

Ұқсас жаңалықтар