«Батырлар туралы халық есінде» кітапханалық сағат

Көру: 664

Библиотечный час «Живет в народе память о героях» Библиотечный час «Живет в народе память о героях»

18 наурызда Кенжекөл ауылы отбасы үлгісіндегі блалар ауылында ҰОС Жеңісінің 70 жылдығына арналған «Батырлар туралы халық есінде» кітапханалық сағат өтті. Аталмыш шара балаларды  рухани тәрбиелеуге бағытталған, мақсаты: ҰОС қазақстандық батыр қыздармен таныстыру.

Кітапханалық сағатты логопед Н.В.Хромина дайындап өткізді, тәрбиеленушілер Саша Галицкая, Таня Роот, Жанна Лукина көмектесті. ҰОС қазақстандық батырлар туралы видеофильм, слайдтар, «Мәншүк әндері», «Снайперлер» фильмдерінен үзінділер көрсетілді.

Қыздар  Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және  Хиуаз Доспановаға арналған тақпақтар айтты. Бұл шараға қатысушылардың бәрі жүргізушілерді мұқият тыңдап, слайдтарды көрді. Балаларға дайындалған тұсаукесерді көруге қызықты болды, көбі ұшқыш Хиуаз Доспанованың ерлігі туралы алғаш рет білді. Жеңістің 70 жылдығына арналған кездесу соңғы емес, әлі жалғасын табады.   

Ұқсас жаңалықтар