Тәрбие жұмысы жүйесінің панорамасы конкурсындағы таңдаулы баяндама

Көру: 527

Тәрбие жұмысы жүйесінің панорамасы конкурсындағы таңдаулы баяндама   Тәрбие жұмысы жүйесінің панорамасы конкурсындағы таңдаулы баяндама

2015 жылғы 17 наурызда облыстың білім беру басқармасының білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығында «Облыстың білім беру мекемелерінде тәрбие жұмысы жүйесінің панорамасы» облыстық конкурсы өтті.

Конкурсқа педагогикалық тұжырымдамасы бар, үш жыл барысында тұрақты оң нәтижелері бар облыс білім беру мекемелерінің 28 қызметкері, яғни, конкурстың аудандық, қалалық кезең жеңімпаздары қатысты.

Конкурстың қазылар алқасы құрамында ИнЕУ-дің озық ғалымдары, облыстық білім беру басқармасының мамандары, Павлодар облысы бойынша педагог қызметкерлердің «ӨРЛЕУ» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы  институты акционерлік қоғамы филиалының әдіскерлері, Инновациялық орталық әдіскерлері,  директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары жұмыс жасады.   

Конкурс қорытындылары бойынша «Жалпы орта білім беру мекемесінің тәрбие жұмысының үздік жүйесі» номинациясы бойынша Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы жеңімпаз атанды.

     Құттықтаймыз!!!

Ұқсас жаңалықтар