Салтанатты қабылдау

Көру: 424

Салтанатты қабылдау  Салтанатты қабылдау  Салтанатты қабылдау

      2015 жылы 6 наурыз күні бүкіл Павлодар облысы әйелдер қауымы үшін ең бақытты күн болды. Мен де сондай бақытты жандардың бірімін, себебі, Павлодар облысының әкімі Қ.Ә.Бозымбаевтың 8 наурыз – Халықаралық Әйелдер күні мерекесіне арналған салтанатты қабылдауында болдым.  Мерекелік шара «Крендель» банкет-холда өтті. Салтанатты мереке барысында облыс әкімі аналарды, қыз-келіншектерді  құттықтап,  қызғалдақ гүл шоқтарын тарту етті. Бұл - біз үшін ең қымбат сыйлық. Мерекелік салтанат қалалық мәдениет сарайында ұйымдастырылған «Арулар – асыл жандар!» концерттік бағдарламасымен жалғасты. Концертте республика мен облысымызға белгілі әншілер мен топтардың өнерін тамашаладық. Мен облыс әкімінің салтанатты қабылдауында болғаныма өте қуаныштымын. Бұл мен үшін күтпеген сыйлық еді. Балалар ауылының әкімшілігі мен әріптестеріме үлкен алғысымды білдіремін. 

                                                                                          Ана-тәрбиеші  Т.Е.Иманғалиева 

Ұқсас жаңалықтар