«Шақырылған кешкі ас» жобасын қорытындылау

Көру: 61

«Шақырылған кешкі ас» жобасын қорытындылау

«Шақырылған кешкі ас» жобасы өз мәресіне жетті. Биылғы жылы ас дайындау бойынша бірінші орынға балалар ауылының 12 түлегі тырысты. Бірінші кезеңде балалар 3 таңғы ас дайындады, екінші кезеңде 2 түскі ас және үшіншіде 2 кешкі ас. Барлығы олар өз шеберліктері мен үстел безендірудегі ойларын іске асыра алатын 7 кезеңнен өтті.

Барлық кезеңнің қорытындысы бойынша бірінші орын  Евгений Д., екінші орын Зарина Б. мен Алексей Ч. өзара бөлісті және үшінші орынды Ангелина Б. алды. Қатысушылар мен жеңімпаздар 16.000-нан 6000 теңгеге дейінгі ақшалай сертификатпен марапатталды. Қаражат түлектерге балалар ауылынан шыққаннан кейінгі өмірлеріне қажет ыдыс-аяқ алу үшін жаратылды. Міне, 24  мамыр күні балалар «Манақбай» сауда орталығына көптен күткен жүлделерін сатып алуға барды. Балалар өз сертификаттарына шәйнек, кружка, тарелка және т.б. сияқты көптеген ыдыстар алды.  Жеңімпаздарды құттықтаймыз және болашақта осындай шебер аспаз бен қонақжай шаруа болуларын тілейміз.

Ұқсас жаңалықтар