«Ризашылық - доброта во благо детям!»

Көру: 664

«Ризашылық - доброта во благо детям!»

аңдатпасы

 

   Жыл сайын қараша айының соңғы бейсенбі күні республиканың барлық аймақтарында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілеріне «Ризашылық-доброта во благо детям!» атты қайырымдылық мерекесі өткізіледі. Осы іс-шара Қазақстанның Бірінші Ханымы

С.А Назарбаеваның бастамашылығымен және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мәселелеріне жұртшылықтың назарын аударуға мүмкіндік бере отырып, балалардың адамгершілік-рухани дамуына өз үлесін қосады. Балалардың денсаулығы – біздің еліміздің «алтын қоры», Қазақстанның болашағы  көбінесе балалардың физиологиялық және рухани дамуына тәуелді, сондықтан ағымдағы жылғы қайырымдылық мерекесінің негізгі идеясы – балалардың спротпен айналысуға және салауатты өмір салтына қызығушылықтарын қалыптастыру. Осы жылы «Ризашылық» мерекесі Бірінші Президент күні қарсаңында 28 қарашада өтеді. Кәсіпорындар, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдардың басшыларын, жетім балалардың тағдырына немқұрайлы қарамайтын азаматтарды балалар үйлерінде өткізілетін іс-шараларға қатысып, құрметті қонақ болып, тәрбиеленушілерге қуаныш сыйлауларыңызды сұраймыз.

Балалар Сіздерді күтеді!

 

Павлодар облысының балалар құқықтарын қорғау  басқармасы

Тел. 8 (87182) 530231, 531940

Ұқсас жаңалықтар