ҰОС 70 жылдығына тәрбие сағаты

Көру: 759

Сурет байқауы  Сурет байқауы

Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуге дайындық шеңберінде балалар ауылында шығармашылық топ тәрбие сағаттарын өткізуге материалдар дайындады. Балалар қазақстандықтардың жеңіске қосқан үлесін  бағалай алу үшін келесі тақырыптар таңдап алынды: «Павлодарлық батырлар», «ҰОС қазақстандықтардың ерлігі», «Ұлы Отан соғысы». Тәрбие сағаттарын өткізу наурыз айына жоспарланған. Балалар тәрбие сағаттары барысында тек қана 1941-45 жж туралы ғана біліп қоймайды, сонымен қатар, Ұлы Жеңіс үшін жанын берген адамдар жөнінде мәлімет алады. Олардың арасында қазақстандық батырлар, біздің жерлестер: М.М.Катаев, К.А.Семенченко, А.Н.Елгин, Қ.Камзин т.б. бар.  Мәскеу, Курск, Сталинград маңындағы ұрыстар, қоршауда қалған Ленинград туралы білетін болады. Тәрбие сағаттарын өткізу қорытындысы ретінде барлық тақырыптар бойынша викторина өткізілетін болады. Бұл сәуір айына жоспарланды.

Ұқсас жаңалықтар