Біз ҚМС үлкен сахнасындамыз

Көру: 320

Мы на большой сцене ГДК

2015 ж 22 ақпанда Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленущілері «Аружан» вокалды студиясының концертіне қатысты. «Джаст Дэнс» би тобының кіші, орта және ересек қатысушылары жас вокалистерді қолдады. Кіші құрамдағы би тобы төрт жасар Аружанның «Ана» әнімен сахнадағы дебютіне көмектесті. Қыздар періштелер бейнесінде залда отырған әрбір көрерменнің жүрегінен орын таба білді.  «Джаст Дэнс» орта тобы сахнаға екі рет шығуға мүмкіндік алды. Тәрбиеленушілер бәрімізге белгілі «Ертегілер» әні мен өткен жылдар хиты «Арлекино» әніне қолдау ұйымдастырды, қыздар акробаттық элементтер қөрсетіп, қөрермендерге түрлі-түсті шарлар сыйлай отыра шағын цирк көрсетті. «Джаст Дэнс» ересек тобы «Ақ жол» қазақ биімен көрермендердің жүрегін жаулап алды. Енді балалар ауылының би ұжымы балалар ауылының хореографиялық тобы ретінде ғана емес, әр түрлі бағытта, стильде жұмыс істейтін би ұжымы ретінде танылуда.  

Ұқсас жаңалықтар