Ауғанстаннан әскерді шығару күніне арналған концерт

Көру: 376

Бүгін балалар ауылында Ауғанстаннан әскерді шығару күніне арналған концерт болды. Ауғанстан Ардагерлері қоғамының төрағасы Б.Н.Майкатов құттықтау сөз сөйледі. Интернационал-жауынгерлер М.Д.Супакунов, М.К.Исенов, Ю.Д.Виденеев өз қаруластарының ерліктері туралы айтты, ал А.Д.Романюк тәрбиеленушілерді ауған жауынгерлері мұражайына шақырып, ескерткіштің ашылуы туралы мәлімет берді.

       Шара барысында біздің балалар мен қызметкерлер өз өнерлерін көрсетті. Барлығы бағдарлама барысында Ауған соғысында қаза тапқандарды еске алып, бір минуттық үнсіздікпен тағзым етті, ерлерді тәрбиелеген аналарға алғыс сөздерін білдірді. Бағдарлама  Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған шаралар шеңберінде өтті.

Ұқсас жаңалықтар