Фуршет түріндегі «Шақырылған кешкі ас»

Көру: 205

Фуршет түріндегі «Шақырылған кешкі ас» Фуршет түріндегі «Шақырылған кешкі ас»

22 мамыр күні «Шақырылған кешкі ас» жобасының үшінші кезеңі өз бастауын алды. Үшінші кезеңде кешкі ас жасалады және ол екі турдан тұрады. Біріншіде балаларға 10 адамға 3000 теңге соммасына фуршетті үстел дайындау керек, және ас мәзірінде 6 тіске басардан кем болмау керек. Әр қатысушы басында фуршетті үстел деген не және тіске басардың түрлерімен танысты. Біздің қатысушыларды Кенжекөл орта мектебінің өкілі К.А.Жагупарова мен «Жас қанат» БҰ С.М.Сипатилова бағалады. Бұл кезеңде әділ қазыларға өте қиын болды, әр үстелдің әдемілігі мен ерекшелігі өз алдына. Әділ қазыларға 72 тіске басардың дәмін татып, бағалауы керек болатын.

Әр қатысушы өз үстелінің әдемілігі мен дәмділігіне шығармашыл түрде қарастырды. Үсетлдің әдемілігін келтіру үшін тірі гүлдер мен әртүрді ыдыстар, әзірлеген тамақтарын да әрлеп көркемдеген.

Үшінші кезең қорытындысында бірінші орын Евгений Д., екінші орын Алексей Ч., үшінші орын Ангелина Б. мен Зарина Б. алды.

Алда жобаның қорытындысы балалар бүкіл отбасыға 1500 теңге соммаға еттен жасалған кешкі ас дайындау керек. Қатысушыларға сәттілік тілейміз, алда көптен күткен жобаның соңғы кезеңі және жеңімпаздарды марапаттау рәсімі. 

Ұқсас жаңалықтар