«Екі жұлдыз» байқауының финалдық концерті

Көру: 4378

«Екі жұлдыз» байқауының финалдық концерті «Екі жұлдыз» байқауының финалдық концерті

Балалар ауылында «Екі жұлдыз» байқауы бұл сайыс емес бұл мереке. Байқау қорытындысы бойынша финалға 6 жұп өтті. Байқауға дайындық бір аптаға созылды. Әр қатысушы өз нөмірін жарқын және өзгеше өткізуге тырысты.

Концерт соңында әділ қазылар қорытындысын жариялады: бас жүлде иегері қосымша білім беру педагогы Дюсембаева У.К. мен Алинаның жұбы таңдалды. Олар ән жанрында «Шарики воздушные» әнін орындаған болатын. Осы байқауға орай олар тігін шеберханасында киім дайындапты. Бірінші орын би маманы Мальчиковская Г.Н. мен Балапанова З. Жұбы иеленді. Олар заманауи тұрғыда жаз туралы ән айтып, бүкіл залды таң тамаша қылды.

Екінші орынды ән жанрында өздерін жақсы көрсеткен тәрбиеші-ана Нургалиева Б.Т. мен Надя және тәрбиеші Луб Н.В. мен Марзия көркемсөз оқу жанрынан ерекше көзге түскен екі жұп бөлісті. Үшінші орынды «Әрқашан күн сөнбесін» әнімен тәрбиеші-ана Капенова Б.Х. мен Света, «Что такое хорошо, что такое плохо» көркемсөз оқу жанрымен тәрбиеші-ана Акпанбаева К.Ш. және кішкентай Сергей өзара бөлісті. 

Ұқсас жаңалықтар