Отбасы күні

Көру: 316

Отбасы күні

   «Отбасы күні» жаңа дәстүрді 2015 ж 20 қаңтар күні Кенжекөл ауылының балалар ауылында  «Шапағат» отбасы ашты. Бұл жобаның демеушісі - «Batyr Mall» сауда-ойын-сауық орталығында орналасқан «Chicken» компаниясы. Компания әр отбасына мерекелік түскі асқа бір реттік абонемент 20000 мың теңге көлемінде ұсынды. Балалар бұл абонементке өз қалаулары бойынша ас мәзіріне сәйкес үстел жасады. Балмұздақ пен коктейль, кока-кола, қуырылған картоп, гамбургер, қуырылған тауыққа тапсырыс берді. Түскі ас өте дәмді және тоқ болды. Кафе іші өте жинақы және жылылық сезілді. Балалар түскі астан кейін аттракциондарға барды: аттарға мінді, лабиринт ішінде жүгірді, баскетбол ойнады, жоғары-төмен "ұшты". Балаларға тәтті сыйлықтар мен шарлар сыйлады. Балалар қанша шаршаса да көтеріңкі көңіл-күймен оралды: қаншама әсерлер мен қуанышты сезімдер! Демеушілерімізге, директоры А.С.Кимге бізге көрсеткен жылы қабылдауы үшін айтар алғысымыз шексіз.   

Ұқсас жаңалықтар