Музыка мектебінің есептік концерті

Көру: 113

Музыка мектебінің есептік концерті Музыка мектебінің есептік концерті

12 маусым Кенжекөл ауылының музыкалық мектебінде  оқушылардың есеп беру концерті өтті. Бұл мерекеге музыка мектебінің барлық оқушылары, олардың ата-аналары мен достары қатысты. Біздің тәрбиеленушілеріміз: Ракша Наталья, Флекман Богдан, Балапанов Әділ, Крутова Алина, Ленчин Камиль, Бекирова Елена есеті концертіне қатысты. Балалар өздерінің ең үздік музыкалық және вокалдық нөмірлерін домбырада, пианино, флейтада  ойнап орындады. Іс-шараның әрбір қатысушы жайлы айта беруге  болады. Алдағы көптеген жетістіктеріне сенеміз. Жас виртуоздар әлі бізді талай қуантып, балалар ауылының атағын көтереді деген үміттеміз.

 

 

Ұқсас жаңалықтар