Біздің балаларды қорғау күні

Көру: 105

Біздің балаларды қорғау күні Біздің балаларды қорғау күні

1 маусым күні  бастауыш сыныптың  20 тәрбиеленушілері «Балаларды қорғау күнін» мерекелеуге «Мирас» сауда үйіне аттанды. Тәрбиеленушілерді  ҚБ "Жас қанат"ұйымы шақырды. Алдымен кафеде отырып, пицца және коктейльдерге тапсырыс берді, содан кейін ойын орталығы аттанды, еркін режимде бір сағат ішінде ойнауға мүмкіндіктері болды. Мереке соңында балаларды торпен шай және балмұздақпен қуантып, шарлар сыйлады. Сондай-ақ, бірінші маусым күні  13 балалар ауылының тәрбиеленушілері балаларды қорғау күніне арналған қалалық велоспорт бойынша байқауға  қатысты. Тәрбиеленуші Ракша Наталья екінші орынға ие болып , дипломмен марапатталды. Сағат үште балалар ауылының акт залында тәрбиеленушілер мен қонақтар мерекелік концертке жиналды. Тәрбиеленушілерге қонаққа жақын достары келді - Б. Ахметов атындағы педагогикалық  колледж,  «Томирис» қыздар  клубы, еріктілер тобы, "Жас қанат" , Павлодар қаласының  тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы. Мереке  тақырып бойынша "Алиса ғажайыптар әлемінде" атты  тематикада өтті. Мереке соңында С. М Сипатилова  және "Жас қанат" қоғамдық бірлестігінің басқа да өкілдері әр балаға жеке сыйлық сыйлады. Мереке әр үйде қуаныш пен жақсылық  атмосферасында, мерекелік шай ішумен аяқталды.

Ұқсас жаңалықтар