Жастар инициативасын дамыту орталығымен ынтымақтастық.

Көру: 419

   26 қаңтарда Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері бойынша басқармасы «Жастар бастамасын дамыту орталығы» ҚММ  ынтымақтасу шеңберінде Кенжекөл балалар ауылының тәрбиеленушілеріне экскурсия өткізді. Шараның басында патриоттық тәрбие және беделді жоспарларды іске асыру бөлімінің жетекшісі жас кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталығы туралы мәлімет берді. Жастардың бос уақытын ұйымдастыру және білім алуға көмек көрсету бөлімінің жұмысы балаларда үлкен қызығушылық тудырды.  Кенжекөл балалар ауылының тәрбиеленушілеріне жастар инициативасын дамыту орталығы 2014 ж өткізген шаралар туралы ролик өте ұнады. Экскурсия соңында «Көшбасшы. Мен көшбасшымын ба?» тақырыбы бойынша психологиялық тренинг өткізілді. Осы кездесудің нәтижесі балаларда облыстық волонтерлер қозғалысы жұмысына араласу тілегі болды.

 

 

        

Ұқсас жаңалықтар