«Отбасына барғым келеді» акциясы

Көру: 56

«Отбасына барғым келеді» акциясы «Отбасына барғым келеді» акциясы

        5 мамыр күні Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылында «Отбасына барғым келеді» акциясы өтті. Аталған акцияға Астана, Екібастұз, Павлодар, Көкшетау, Ақсу, Железинка, Баянауыл, Қашыр және Лебяжі ауданы мен Кенжекөл ауылынан 69 қонақ келіп қатысты. Акцияның басталуы сағат 11.00, қонақтар станцияларда тапсырмалар орындай жүріп, балалар ауылының барлық тәрбиеленушілерімен танысып жайлы жағдайда әңгіме сұхбат жүргізе алды. Жалпы флешмоб, концерт пен ағаш отырғызу балалар мен қонақтар арасын тіптен жақындастыра түсті. Осы акция балалы болуды армандап жүрген адамдарға және отбасына барғысы келетін балаларға көмектесіп, олардың тілектерінің орындалуына негіз болады деген сенімдеміз.

Ұқсас жаңалықтар