«Құстар күніне» ұяшықтар дайындау

Көру: 189

«Құстар күніне» ұяшықтар дайындау «Құстар күніне» ұяшықтар дайындау

Көктемнің келуімен әр адамда бір жақсылыққа үміті оянады, күн шуағын  шашып, еріген қар ой мен жаннан бүкіл жамандықты жуып ала кететіндей. Ашылулар, жаңартулар мен қозғалыстар маусымы.

Мейірімді істер – кішкентай жұмыстардан басталады. Біздің кішкентай бауырларымыз адамның көмегіне зәру. «Шебер қолдар» үйірмесінің орта және жоғары топ балалары көктемгі демалыс уақытында Халықаралық Құстар күніне орай «Мейірімді істер» акциясын өткізуді жоспарлап, құстарға өз ұяшықтарын жасауға көмектесті.

Бірнеше күн балалар ауылының шеберханасында балға, ара, электр кесуші дауысы мен  балғын ағаш пен бояудың иісі шығып жатты. Беркутов Нурканат және Белов Сергей қалған материалдарды (пластик қалдықтары, тақтай, ДВП) қолдана отырып, ұя мен тамақтанатын жер жасады.

Міне, көптен күткен презентация. Бағалау өзін күткізген жоқ. Жас шеберлердің ой ұшқыны мен жұмыс тәжірибесі ғажайып зат жасады. Жасалған заттар сенімді, сапалы және мінсіз болып шықты. Еліне қайтып келген құстар балалар ауылындағы жаңа орындарына қоныстанып, өздерінің мейірімді көршілерін әндерімен тербететіндеріне сенімдіміз.

Ұқсас жаңалықтар