Арман жолында

Көру: 31

Жыл сайын ҚР-да Алматы қаласының «Бауыржан» қамқоршылық фондының патронажында балалар үйлері мен жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар арасында мини-футболдан чемпионат өткізілді. Павлодар қаласында мини-футболдан чемпионат, мамыр айында, балалар үйлері тәрбиеленушілерінің аймақтық іріктеу кезеңінен басталды. Чемпионаттың соңғы кезеңінде біздің команда  Екібастұз «Үміт» балалар үйінің командасымен кездесті. Кездесу Павлодар қаласы, «Жұлдыз» стадионында өтті. Күрделі жарыста біздің команда 2 :1 есебімен жеңіске жетті. Осыған сәйкес чемпионаттың қорытынды кезеңінде жарысу біздің командаға бұйырды. Ойынның қорытындысы бойынша біздің тәрбиеленуші  Слабкин Рустам ең үздік ойыншы атанды. Бұл жеңіс балаларға үлкен ыңта туғызды. Жаттығулар күніне екі рет, таңертен және кешке өткізіліп отырылды. Балалардың барлығы команданың дайындығына үлкен жауапкершілікпен, түсіністікпен қарады. Бұл ортақ еңбек көптен күткенн нәтижеге әкелді. Үлкен алғысымызды жаттықтырушылар штабына және балалар ауылының жаттықтырушысы Абенов Жанабайға алғысымызды білдіреміз.

Қорытынды ойын 2018 жылдың 17-ші маусымынан 22-ші мааусымына дейін Алматы қаласында өтті. Қорытынды кезеңде еліміздің балалар үйлері арасынан 9 команда қатысып, 3 топқа бөлінді. 1 және 2 орын алған командалар жартылай финалға өтті. Біздің топ келесідей бөлінді: Ақтөбе қаласы, «АДД», Қарағанды қаласы «Факел». Ойын 2 кезеңнен тұрды. Ойынның нәтижесі бойынша біздің команда 2-ші орынға иеленді. 1 кезең- «Кенжекөл»-«АДД» 2:2 есебімен, «Кенжекөл» - «Факел» 2:0 есебімен. Ал қосымша көрсеткіштер бойынша балалар жартылай финалда ойнауға лайықты болды. Жартылай финалда біздің тәрбиеленушілер Семей қаласының мықты ойыншыларымен кездесті. Осы ойында 2:1 есебімен жүлделі орынды Семей қаласының қарсыластарына жеңілді. Осы реңішті жеңілуге қарамастан, Астана қаласының командасымен 3-4 орын үшін ойнау құқығына иеленді. Қорытындысында, таблодағы көрсеткіш 5:1 біздің балалардың пайдасына болды. Осылайша, «Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» алғаш рет  осындай жоғары көрсеткіш көрсетті. 3 жыл аралығында чемпионатқа қатысу кезінде командамыз әрдайым жүлделі орыннан 1 қадамда  болған. 2016 жылы 12 команда арасынан 4 орын, 2017 жылы 12 команда арасынан 5 орын, 2018 жылы 9 команда арасынан 3 орын.

Ойынның қорытындыларын жариялаған соң балалар өз эмоцияларын жасыра алмады. Балаларды достары мен ұжымымыз құттықтауға асықты.

 

Ұқсас жаңалықтар