Кенжекөл балалар ауылындағы балалар мерекесі

Көру: 132

Ð154;енжекөл балалаÑ128; аÑ131;Ñ139;лÑ139;ндағÑ139; балалаÑ128; меÑ128;екеÑ129;Ñ150; Ð154;енжекөл балалаÑ128; аÑ131;Ñ139;лÑ139;ндағÑ139; балалаÑ128; меÑ128;екеÑ129;Ñ150; 

1 маусым күнінің бірінші жартысында балалар ауылының кіші тәрбиеленушілері «Атриум» СҮ «Чудо кот» отбасылық кафесіне барып қайтты және де ойын бөлмесі мен барлық ойын-сауықтыру алаңдарында  еркін ойнай алды. Орта және үлкен жастағы балаларды «Саида плаза» кафесінде бургерлер мен коктейлдер күтті.  Кафеден соң балалар Павлодар қаласының орталық жиекжайына мерекелік концерттке аттанды.

Мереке балалар ауылында әлі жалғасуда. Біздің Павлодар Сервис және тамақтандыру колледжімен достастығымыз жемісін берді. Балаларды қуантқаны, мерекелік концертті колледж студенттері өткізгені, ал олар көреремендер болып, сыйлықтар алғанына  мәз болды. Балаларды құттықтау мақсатымен ббалалар ауылының достары: Кенжекөл ауылының әкім аппараты, ерікті Сипатилова Салтанат, «Позитифф»отбасылық клубының директоры Русских Елена, «Ертіс» ФК, облыстық мәслихат депутаты Абишев Нурлан, «АК-47» атқыштар клубы, Павлодар қаласының №1 БЖСМ директоры. Балаларға торттар, тәттілер, доптар сыйлады. Ал ең көп күткен сәттердің бірі болып, балалардың жеке және армандаған сыйлықтарын, ерікті Сипатилова Салтанат пен қаламыздың немқұрайлы емес адамдарынан сыйлықтар таратылды.

Осымен балалар қорғау күні аяқталмауда. Ертен Павлодар облысының  әкімдігінің шақыруымен 58 тәрбиеленуші   Естай атындағы ҚМҮ «Бақытта қатысу» қайырымдылық концертіне аттанбақ.

Балалар күні дәстүрлі аяқталды: қонақтар мен балалар үйінің тұрғындары бір отбасы сияқты мерекелік дастархан үстінде жиналды.

Ұқсас жаңалықтар