«Чемпиондардың жолы»

Көру: 339

«ЧемпиондаÑ128;дÑ139;ң жолÑ139;» Â«Ð§ÐµÐ¼Ð¿Ð¸Ð¾Ð½Ð´Ð°Ñ128;дÑ139;ң жолÑ139;»

2018 жылы 20 мамыр аралығында Алматы қаласында «Baurzhan foundation» қайырымдылық қоры «Нұр Отан» және Қазақстан велосипед спорты Федерациясының қолдауымен балалар үйлерінің тәрбиеленушілері мен «Чемпион жолы» мектеп-интернаттар арасында  алғашқы велосипед жарысы өтті.

Кенжекөл ауылының  отбасы үлгісіндегі балалар ауылы тәрбиеленушілері: Слабкин Рустам, Долинский Илья, Марущак Владислав және Кутейников Рустам жаттықтырушы Д.В.Абрамкиннің басшылығымен велосипед жарысы бойынша Павлодар облысын таныстырды.  

Балалар жеке және топпен 5 және 20 км қашықтықта сайысты және 30 қатысушы арасынан жалпы топтың есепке алынуы бойынша 3 жүлделі орын алды. Тәрбиеленуші Марущак Владислав  «Үздік жас жарыскер» номинацияның жеңіскері атанды.

Бұл жоба физикалық денсаулықтың нығайтуына және жетім-балалардың өз күшін тексеріп, өзін-өзіне және болашағына  сену сезімін,  адамгершілік қасиетін тәрбиелеуге бағытталған.

«Baurzhan foundation» фондының еріктілері қатысушылар үшін танымды бағдарлама әзірледі. Олар Алматының көрікті жерлерін көрсетіп, балаларға арнап қызықты уақыт өткізді, олар бір-бірімен танысып, дос бола алды.

«Велоспорт арқасында мен  республикамыздың әр –түрлі облыстарынан келген көптеген балалармен таныстым. «Baurzhan foundation» фондына осындай іс-шара ұйымдастырып, өткізгені  үшін, балалар ауылының бүкіл командасына велоспорт спорттық формасы мен сыйлықтар үшін үлкен рахмет»,- деп Марущак Владислав алғысын білдірді.

 

Ұқсас жаңалықтар