Жария етті admin | Күні 11-11-2011, 08:49

Жария етті admin | Күні 30-05-2017, 10:49

«Балаға достықпен, Қазақстан» атты халықаралық конференцияға қатысу «Балаға достықпен, Қазақстан» атты халықаралық конференцияға қатысу

30 мамыр 2017 ж. «Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ басшысы Д.Ж.Темирханова балаларды қорғау күніне арналған «Балаға достықпен, Қазақстан!»  атты халықаралық видео-конференциясына қатысты.

Конференция мақсаты: конференция алаңын балаларды қорғау аясындағы мәселелерді анықтауға қолдану және оларды екі бағыт бойынша шешу: балалардың құқықтарын қорғауды жүзеге асыратын мекемелердегі қызметті іске асыру сонымен қатар, балаларды олардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін мәліметтерден қорғау.

Конференция барысында негізгі қызмет қорытындысы туралы балалардың құқықтары бойынша уәкілеттіктердің 2016 жылға есебі тыңдалды.

Бірінші сессия балаларды олардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін мәліметтерден қорғау мәселесіне арналды; екінші бөлімде «Кәмелеттік жасқа толмағандарды заңды түрде қорғау жүйесі» тақырыбы талқыланды.

 

 

Жария етті admin | Күні 29-05-2017, 14:46

Емен отырғызу туралы Емен отырғызу туралы

 

29 мамыр күні балалар ауылының тәрбиеленушілері «Атамекен-Родина» БҰ бірлесе отырып балалар ауылының ауласына 72 түп емен отырғызды. Басында балалар жиын залында жиналып, түптерді қалай күту керек және қалай салу керектігі туралы лекция тыңдады. Осыдан кейін егуге шықты. Әр үй емен егуге орын дайындап, емен орманы үшін әр тәрбиеленуші өз ағашын отырғыза алды.

Жария етті admin | Күні 29-05-2017, 14:42

«Just dance» ұжымы тағы мараптқа ие болды «Just dance» ұжымы тағы мараптқа ие болды

       27 мамыр күні Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылының «Just dance» ұжымы «Dionis» төртінші Республикалық конкурс-фестивалі «Үміт әуені» (би) номинациясы бойынша қатысты. Би ұжымы «Ризамын мен» және «Сенсация» билерін ұсынды. Байқау қорытындысы бойынша қыздар «Сенсация» биімен бас жүлде, 1 дәрежелі лауреаттың екі дипломы және әр қатысушыға аттарымен 1 дәрежелі лауреат дипломы табысталды.  Сонымен қатар медаль мен кубок иеленді. Болашақта табыстар мен жаңа жетістіктер тілейміз.

Жария етті admin | Күні 24-05-2017, 14:40

«Шақырылған кешкі ас» жобасын қорытындылау

«Шақырылған кешкі ас» жобасы өз мәресіне жетті. Биылғы жылы ас дайындау бойынша бірінші орынға балалар ауылының 12 түлегі тырысты. Бірінші кезеңде балалар 3 таңғы ас дайындады, екінші кезеңде 2 түскі ас және үшіншіде 2 кешкі ас. Барлығы олар өз шеберліктері мен үстел безендірудегі ойларын іске асыра алатын 7 кезеңнен өтті.

Барлық кезеңнің қорытындысы бойынша бірінші орын  Евгений Д., екінші орын Зарина Б. мен Алексей Ч. өзара бөлісті және үшінші орынды Ангелина Б. алды. Қатысушылар мен жеңімпаздар 16.000-нан 6000 теңгеге дейінгі ақшалай сертификатпен марапатталды. Қаражат түлектерге балалар ауылынан шыққаннан кейінгі өмірлеріне қажет ыдыс-аяқ алу үшін жаратылды. Міне, 24  мамыр күні балалар «Манақбай» сауда орталығына көптен күткен жүлделерін сатып алуға барды. Балалар өз сертификаттарына шәйнек, кружка, тарелка және т.б. сияқты көптеген ыдыстар алды.  Жеңімпаздарды құттықтаймыз және болашақта осындай шебер аспаз бен қонақжай шаруа болуларын тілейміз.

Жария етті admin | Күні 23-05-2017, 14:31

«Шақырылған кешкі ас» жобасының соңғы кезеңі «Шақырылған кешкі ас» жобасының соңғы кезеңі

23 мамыр күні «Шақырылған кешкі ас» жобасының соңғы кезеңі болды, тақырыбы барлық жанұя мүшелері үшін еттен жасалған тағам дайындау. Ең қиыны «1500 теңгеге бүкіл жанұя мүшесіне еттен қандай тағам әзірлеу керек?» деген сұрақ болды, бірақ бұл мәселені қатысушылар жоғары деңгейде шеше алғанын айта кету керек. Әділ қазы мүшелері «Жас қанат» БҰ өкілі Сипатилова С.М., басшының ӘШБ орынбасары Б.О.Бейсенова және басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жусупекова Б.А. болды. Өздерінің «Шақырылған кешкі ас» жобасына балалар манты, грузиялық хинкали, кәуап, бризоль, француздық картоп пен қамыр ішіндегі палау. Сонымен қатар әрбір қатысушы сусынға да шығармашыл қараған, сүтті коктейль мен жалбызды шәй да болды.

Соңғы кезеңнің қорытындысы бойынша ең дәмді кешкі ас  Витя Б., екінші орында Женя Д., үшінші орында Алексей Ч.

       Алда барлық кезеңдердегі ұпай сандарын қосу мәселесі тұр, қатысушылардың қобалжуын жасыру мүмкін емес, әрбіреуі балалар ауылының қонақжай, іскер аспазы болуды армандайды.

Жария етті admin | Күні 22-05-2017, 12:00

Фуршет түріндегі «Шақырылған кешкі ас» Фуршет түріндегі «Шақырылған кешкі ас»

22 мамыр күні «Шақырылған кешкі ас» жобасының үшінші кезеңі өз бастауын алды. Үшінші кезеңде кешкі ас жасалады және ол екі турдан тұрады. Біріншіде балаларға 10 адамға 3000 теңге соммасына фуршетті үстел дайындау керек, және ас мәзірінде 6 тіске басардан кем болмау керек. Әр қатысушы басында фуршетті үстел деген не және тіске басардың түрлерімен танысты. Біздің қатысушыларды Кенжекөл орта мектебінің өкілі К.А.Жагупарова мен «Жас қанат» БҰ С.М.Сипатилова бағалады. Бұл кезеңде әділ қазыларға өте қиын болды, әр үстелдің әдемілігі мен ерекшелігі өз алдына. Әділ қазыларға 72 тіске басардың дәмін татып, бағалауы керек болатын.

Әр қатысушы өз үстелінің әдемілігі мен дәмділігіне шығармашыл түрде қарастырды. Үсетлдің әдемілігін келтіру үшін тірі гүлдер мен әртүрді ыдыстар, әзірлеген тамақтарын да әрлеп көркемдеген.

Үшінші кезең қорытындысында бірінші орын Евгений Д., екінші орын Алексей Ч., үшінші орын Ангелина Б. мен Зарина Б. алды.

Алда жобаның қорытындысы балалар бүкіл отбасыға 1500 теңге соммаға еттен жасалған кешкі ас дайындау керек. Қатысушыларға сәттілік тілейміз, алда көптен күткен жобаның соңғы кезеңі және жеңімпаздарды марапаттау рәсімі. 

Жария етті admin | Күні 22-05-2017, 11:56

«Екі жұлдыз» байқауының финалдық концерті «Екі жұлдыз» байқауының финалдық концерті

Балалар ауылында «Екі жұлдыз» байқауы бұл сайыс емес бұл мереке. Байқау қорытындысы бойынша финалға 6 жұп өтті. Байқауға дайындық бір аптаға созылды. Әр қатысушы өз нөмірін жарқын және өзгеше өткізуге тырысты.

Концерт соңында әділ қазылар қорытындысын жариялады: бас жүлде иегері қосымша білім беру педагогы Дюсембаева У.К. мен Алинаның жұбы таңдалды. Олар ән жанрында «Шарики воздушные» әнін орындаған болатын. Осы байқауға орай олар тігін шеберханасында киім дайындапты. Бірінші орын би маманы Мальчиковская Г.Н. мен Балапанова З. Жұбы иеленді. Олар заманауи тұрғыда жаз туралы ән айтып, бүкіл залды таң тамаша қылды.

Екінші орынды ән жанрында өздерін жақсы көрсеткен тәрбиеші-ана Нургалиева Б.Т. мен Надя және тәрбиеші Луб Н.В. мен Марзия көркемсөз оқу жанрынан ерекше көзге түскен екі жұп бөлісті. Үшінші орынды «Әрқашан күн сөнбесін» әнімен тәрбиеші-ана Капенова Б.Х. мен Света, «Что такое хорошо, что такое плохо» көркемсөз оқу жанрымен тәрбиеші-ана Акпанбаева К.Ш. және кішкентай Сергей өзара бөлісті. 

Жария етті admin | Күні 19-05-2017, 11:52

«Екі жұлдыз» байқауының екінші кезеңі «Екі жұлдыз» байқауының екінші кезеңі

       19 мамыр күні «Екі жұлдыз» байқауының екінші кезең болып өтті. Аталған кезеңде қосымша білім беру педагогы мен тәрбиешілер өзара ән, би мен көркемсөз оқудан жарысты. Қорытындысында финалға келесі дуэттер өтті: Мальчиковская Г.Н. мен Балапанова З., Дюсембаева У.К. мен Алина К., Луб Н.В. мен Марзия. 

Жария етті admin | Күні 17-05-2017, 11:49

Балалар ауылында «Екі жұлдыз» Балалар ауылында «Екі жұлдыз»

     17 мамыр күні жыл сайынғы «Екі жұлдыз» байқауының сараптау кезеңі басталды. Байқауға қатысушылар жасырылған қағаз тарту арқылы өз шығармашылық нөмірлерін қай жанрда дайындайтынын анықтады. Жанр ішінде: ән, би мен суретті сөз болды. Бірінші кезеңде тәрбиеші-аналар жарысты. Байқау қорытындысына орай финалға тәрбиеші-ана Нургалиева Б.Т. мен Надя, тәрбиеші-ана Акпанбаева К.Ш. және Сергей С., тәрбиеші-ана Капенова Б.Х. жұбы Света дуэттері ақтық кезеңге жолдама алды.  Қатысушыларға жеңіс пен сәттілік тілейміз.

Предыдущая страница Следующая страница
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 27
Загадочные и неповторимые шаблоны DLE для вашего портала.
Только русифицированные шаблоны Joomla помогут реализовать задумки.
Оптимизированные и стильные шаблоны WordPress для сайта на самом лучшем движке.
Элегантные и красивые шаблоны DLE являются лучшим помошников веб дизайнера.
Наверняка только такие шаблоны Joomla являются истинным выбором для ценителя прекрасного.
Не нужно думать и представлять, что шаблоны ВордПресс не могут быть верхом строгости и лаконичности.
Попробуйте выбрать только креативные шаблоны DLE и сконструировать уникальный проект.
Эти современные и легкие шаблоны Юкоз станут оптимальным способом украсить любой веб проект.