
19 желтоқсаннан 21 желтоқсанға дейін балалар ауылының тәрбиеленушілері Д.Букенов., Е.Степанова., И.Долинский балалар-жасөспірімдер спортын және салауатты өмір салты «Болашақ бүгіннен басталады» атты Астана қаласындағы қысқы фестивальге қатысты. Фестиваль Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті мен Ұлттық дельфий комитеті серіктестігімен бірге ұйымдастырылған. Балалар « Карельские гонки», «Лепка» бағдарламаларында қатысты. Фестиваль аяғында тәрбиеленушілер қатысқаны үшін сертификаттармен марапатталып, үлкен әсер алды.

21 желтоқсан күні балалар ауылында «Дәстүрлерді» көсету бойынша отбасылар арасында байқау өтті. «Балдаурен» отбасы «Құйрық бауыр» дәстүрін көрсетті.Тәрбиеші-ана мен тәрбиеленушілер сөздерін, киімдері мен реквизитті толықтай ойластырды. Соның арқасында дәстүрді нақты көрсете білді. Осы байқауды өткізу барысында балалар осы дәстүрді ұл баланың үйлену кезінде, қыз баланың ұзатылу кезінде, яғни отбасы құрылу кезінде жасалатын дәстүр. Дәстүрдің сақталу шарты бар. Осы тағамды алдымен үлкен қонақ пен ең басты құдаға дәм татырады. Тағам- бауыр мен құйрық майдан құралады.

20 желтоқсан күні балалар ауылының тәрбиеленушілеріне достар, мұғалімдер, оқушылар Назарбаев зияткерлік мектебі атынан жана жылмен құттықтап келді. Алдымен мектеп директоры - Г.Э. Жукенова барлық көрермендерді келе жатқан жаңа жылмен құттықтап, жетістіктер мен үздік оқу тіледі. Содан соң мектеп оқушылары ойын-сауық ойындары мен шығармашылық нөмірлер дайындады. Әр тәрбиеленушіге аяз ата мен ақшақардан сыйлықтар таратылды. Балаларға өте ұнады, қызықты және көңілді өтті. Кездесу барлығына жаңа жылдық көңіл күй сыйлады.
20 желтоқсан күні П.Васильев атындағы орталық қалалық кітапханада өнер саласындағы әдебиет секторында Павлодар қаласының және Кенжекөл ауылының тәрбиеленушілері үшін «Балаларға қуаныш сыйлаймыз» атты кітапханалық жоба шеңберінде «Сіздермен бөліскім келеді, достар» атты импровизация кеші өтті. Балалар той қонақтарымен танысты ол: Мухамеджанов Рафаэль-поэт, Сарсенов Оразали-Павлодар қалалық «Жасыл ел» штабының командирі. Гребёнкина Мария – басшы мен негізін қалаушы. Лодочников Алексей-музыкалық колледжінің «Жас отан» жастар қанатының басшысы, домбырашы, «Қазақстанның 100 жаңа адамы» жобасының қатысушысы.
Мерекенің аяғында әр тәрбиеленушіге Павлодар облысының «Жасыл ел» штабы және «Крендель» кафесі сыйлық сыйлады.

15 желтоқсан күні балалар ауылының мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнінеарналған мерекелік концерт өтті. Балалар ән мен би нөмірлерін көрсетті. Ал кіші балалар Отан туралы өлең шумақтарын дайындады. Мереке қуаныш пен мейірім атмосферасында өтті.