
Қазақстан Республикасы Конституция күнін мерекелеу шеңберінде балалар ауылының мәжіліс залында мерекелік іс-шара өтті. Конституция күнін балалар бимен, әнмен, отан туралы өлендермен қарсы алды. Көрермендер әртістерді қол шапалақтап қарсы алды. Мереке мейірімді және жанды сезімге толы болды. Құрдастар мен өз туған еліне деген мақтаныш сезім сезілді.

24 тамыз Қашыр балалар үйінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін, білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерінің секциондық отырысы өткізілді. Балалар ауылынан жетекші Д. Ж. Темирханова «Отбасын қолдау орталығы» проекті бойынша баяндамасын ұсынды және тәрбиеші-ана Б. Т Нұрғалиева тәрбиеленушілер арасында рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру шарты негізінде «Дәстүр күні» проектісімен таныстырды. Конференция қорытындысы бойынша барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталды. Ал тәрбиеші-ана Б.Т Нұрғалиева жыл қорытындысы бойынша Павлодар облысы, Білім Басқармасының құрмет грамотасымен марапатталды.

2017 жылы 23 тамыз күні Кенжекөл ауылының «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» 42 тәрбиеленушілері Астана қаласына ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесіне барып қайтты. Алдымен, балаларға қала бойынша экскурсия жасатылды. Есіл өзенінің жағалауында қыдыртып, сол жағалауды көрсетіп, астананың басты көшелерін, саябақтар мен гүлзарлар тамашалады. Түстен кейін тәрбиеленушілер көрме кешеніне аттанды. Балалар әр түрлі павильондарды аралап, қызықтады. көп фотосуреттер жасалды. "Нұр-әлем" объектісі өте ұнады . "ЭКСПО-2017" өзінің ұранын "Болашақтың энергиясы" деп ұсынды. Көрмеде " жасыл экономика" принципіне сай идеялар мен энергия көзін жаңарту шешімдері мен жүзеге асырылуы көрсетілді: энергияны өзі генерациялайтын ғимараттар, "ақылды үй", электромобильдер, биоотын көмегімен жүретін автокөліктер және тағы басқалар. Балалар, қуанышқа және әсерге толы үйлеріне оралды. ің қуаныш көрген, үйлеріне оралды. Бұл күн мәңгі естерінде қалады, себебі тәрбиеленушілердің көбі еліміздің астанасына бірінші рет барып, осындай ауқымды іс-шараны өз көздерімен тамашалады.

Жазғы демалыс уақытында балалар ауылының қыз балалары үшін " Ал қане қыздар!" атты ойын-сауық іс-шарасы өткізілді. Барлығы -16 қатысушы қатысты, қыздар алдын ала өз шаш үлгілері мен образдарын ойластырып қойған. Қыздар дефиле, содан өздерінің визиттік карточкаларынан бастады. Содан, би, интелектуалды және шығармашылық сайыстарда қатысты. Барлық қыздар әр түрлі номинациялар бойынша мақтау қағаздарымен марапатталды: «Қарапайымдылық аруы», «Мисс элегантность», «Мисс эрудиция» және басқа да номинациялар.

15 тамыз күні акт залында барлық тәрбиешілер мен балалар жиналды. Отбасы үлгісіндегі балалар ауылының басшысы қызметкерлерді 2016-2017 жылдың қорытындысын атап өтіп, жаңа қойылған мақсаттарды атап өтті. Педагогикалық кеңестің соныңда, өткен жылдың жақсы аяқталуына орай педагогтар атаулы грамоталармен марапатталды.