Жария етті admin | Күні 31-03-2017, 11:23
Жария етті admin | Күні 31-03-2017, 10:12

Астана қаласында интернатты мекеме директорларының республикалық отырысы

31 наурыз 2017 жылы Астана қаласында «Өмірдің қиын жағдайында қалған балаларды қолдау орталығы» жобасын қолға алу жолдары мәселелері бойынша интернатты мекеме директорларының республикалық отырысы болып өтті. Аталған жобаға Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылының басшысы Темирханова Динара Жоломановна қатысты.

 

 

Жария етті admin | Күні 31-03-2017, 10:11

Астана қаласында интернатты мекеме директорларының республикалық отырысы

 

Жария етті admin | Күні 31-03-2017, 10:07

Үгіт тобы облыстық сайысында 2 орын. Үгіт тобы облыстық сайысында 2 орын.

      Жыл сайын Екібастұз қаласында облыстық үгіт тобы сайысы болады. Бұл жылы сайыс тақырыбы – «Мен-Қазақстандықпын». Балалар ауылының тәрбиеленушілері қатысып, екінші жүлделі орын алды кубокқа ие болды. Сайыстағы орындар төмендегідей бөлінді: 1 орын – Қашыр балалар үйі, 2 орын – Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және Мичурин балалар үйі, 3 орын – Екібастұз балалар үйі мен Қалқаман балалар үйі. Жеңімпаздарды құттықтаймыз.

Жария етті admin | Күні 31-03-2017, 10:06

Үгіт тобы облыстық сайысында 2 орын. Үгіт тобы облыстық сайысында 2 орын.

 Үгіт тобы облыстық сайысында 2 орын.

 

Жария етті admin | Күні 31-03-2017, 09:50

«Құстар күніне» ұяшықтар дайындау «Құстар күніне» ұяшықтар дайындау

Көктемнің келуімен әр адамда бір жақсылыққа үміті оянады, күн шуағын  шашып, еріген қар ой мен жаннан бүкіл жамандықты жуып ала кететіндей. Ашылулар, жаңартулар мен қозғалыстар маусымы.

Мейірімді істер – кішкентай жұмыстардан басталады. Біздің кішкентай бауырларымыз адамның көмегіне зәру. «Шебер қолдар» үйірмесінің орта және жоғары топ балалары көктемгі демалыс уақытында Халықаралық Құстар күніне орай «Мейірімді істер» акциясын өткізуді жоспарлап, құстарға өз ұяшықтарын жасауға көмектесті.

Бірнеше күн балалар ауылының шеберханасында балға, ара, электр кесуші дауысы мен  балғын ағаш пен бояудың иісі шығып жатты. Беркутов Нурканат және Белов Сергей қалған материалдарды (пластик қалдықтары, тақтай, ДВП) қолдана отырып, ұя мен тамақтанатын жер жасады.

Міне, көптен күткен презентация. Бағалау өзін күткізген жоқ. Жас шеберлердің ой ұшқыны мен жұмыс тәжірибесі ғажайып зат жасады. Жасалған заттар сенімді, сапалы және мінсіз болып шықты. Еліне қайтып келген құстар балалар ауылындағы жаңа орындарына қоныстанып, өздерінің мейірімді көршілерін әндерімен тербететіндеріне сенімдіміз.

Жария етті admin | Күні 31-03-2017, 09:48

«Құстар күніне» ұяшықтар дайындау «Құстар күніне» ұяшықтар дайындау

 «Құстар күніне» ұяшықтар дайындау «Құстар күніне» ұяшықтар дайындау