Жария етті admin | Күні 13-02-2017, 09:56

Әлемге күлкі сыйла Әлемге күлкі сыйла

13 ақпан күні «Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ тәрбиеленушілері «Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы» декадасының аясында «Алтын уақыт» қарттарға арналған пансионатта «Әлемге күлкі сыйла» концерттік бағдарламасымен барды.

Концертті Балапанова З. «Қазақстан» әнімен ашты, Слюсарь Л. «Хорошее настроение» әнін айтса, Слюсарь К. «Радость, привет!» әнін шырқады. «Джаст дэнс» би тобы «Маленький принц», «Человек хороший», «Месяц», «Ізін көрем» билерін биледі. Концерт соңында достық пен бейбітшілік кепілі ретінде Балапанов Д. және Балапанова З. «Дастархан» әнін орындады. Көрермендерге балалар ауылының жас таланттарының шығармашылығы қатты ұнады. Балалар тәрбиеші-аналарымен бірге пісірген торттарды сыйға тартты. Балалар қарауға мұқтаж жандарға қуаныш пен жағымды көңіл-күй сыйлағандары үшін қуанышты. 

Жария етті admin | Күні 13-02-2017, 09:55

Әлемге күлкі сыйла Әлемге күлкі сыйла

 

Жария етті admin | Күні 10-02-2017, 12:10

ПК курсы: «Тиімді кәсіби өсу үшін жағдай туғызу» ПК курсы: «Тиімді кәсіби өсу үшін жағдай туғызу»

«Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ-нде 6-10 ақпан аралығында «Ерекше білім қажеттіліктерімен балаларды оқыту және тәрбиелеудің қазіргі заманғы технологиялары» атты қысқа мерзімді  біліктілікті арттыру курсы өтті. Курсқа облыстың интернат мекемелерінің 28 педагогы пен тәрбиешілері қатысты.

Аталмыш тақырып жетім балалар және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған  балалармен жұмыс істейтін педагогтар үшін өте өзекті, себебі, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған  балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселесі әлеуметтік-экономикалық өзгеріс жағдайында, әсіресе әлсіз балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін өте өзекті.

Педагогтар курс барысында тәрбие жұмысын жоспарлау, тәрбие жұмысын талдау мәселерін шешуде теориялық және практикалық көмек алды, қазіргі заман жағдайында оқыту үрдісін  психологиялық-педагогикалық қолдау жүйесінің перспективалық дамуы және мәселелері бойынша өз білімдерін толықтырды. Диалогтық формададағы ынтымақтас-тық шеңберінде мына мәселелер қарастырылды: жүйелілік-әрекеттесу тәсілі шеңберінде сабақ құрастыру алгоритмі, отбасы үлгісіндегі балалар ауылы тәрбиеленушілерінің әлеуметтік дайындығын бағалау деңгейі мен практикалық әрекет өлшемдері дайындалды.  

Анық құрылымды, өзекті де қызықты бағдарлама ұсынған  «Өрлеу» Павлодар облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтына алғысымыз шексіз. Аталмыш бағдарламаның барлық практикумдары өте жоғары кәсіби деңгейде өтті, бұл курс тыңдаушыларына қызығушылық пен жағымды пікір тудырды. Материалдарды қызықты беруімен қатар жоғары біліктілік және сабақ барысында сенімді ахуал туғызған курс жетекшісі Г.Қ.Құрмановаға айтар алғысымыз ерекше. 

 

 

Жария етті admin | Күні 10-02-2017, 12:09

ПК курсы: «Тиімді кәсіби өсу үшін жағдай туғызу» ПК курсы: «Тиімді кәсіби өсу үшін жағдай туғызу»

 ПК курсы: «Тиімді кәсіби өсу үшін жағдай туғызу» ПК курсы: «Тиімді кәсіби өсу үшін жағдай туғызу»

 

Жария етті admin | Күні 10-02-2017, 12:06

Сара Назарбаеваның туған күніне орай өткізілген концерт  Сара Назарбаеваның туған күніне орай өткізілген концерт

10 ақпанда «Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ тәрбиеленушілері еліміздің басты анасы - Сара Алпысқызы Назарбаеваны туған күнімен құттықтады.

          Тәрбиеленушілер Сара анаға алғыс білдіру ретінде мерекелік бағдарлама дайындады. Лена Бекирова жүректі тебірентетін «Ана» әнін орындады.  Бастауыш сынып балалары ана, достық, қуаныш туралы тақпақтарын шын жүректен айтты. Шағын орталық тәрбиеленушілері мейірімді «Светит солнышко для всех» әнін орындады. «Джаст Дэнс» орта буын би ұжымы «Жақсы адам» қойылымын қойды. Концертке қатысушылар Сара Алпысқызының «Өзін-өзі тану» пәнінің басты өсиеттерін еске түсірді. Мерекелік концерт «Подари улыбку миру» әнімен аяқталды. Концерт барлық педагогтарға, қонақтарға, балаларға көтеріңкі көңіл-күй, қуаныш сыйлады.   

Жария етті admin | Күні 10-02-2017, 12:05

Сара Назарбаеваның туған күніне орай өткізілген концерт   Сара Назарбаеваның туған күніне орай өткізілген концерт

 Сара Назарбаеваның туған күніне орай өткізілген концерт   Сара Назарбаеваның туған күніне орай өткізілген концерт

 

Жария етті admin | Күні 9-02-2017, 16:58

Мемлекеттік қызметтерді алу туралы толық мәліметті келесі телефондар бойынша білуге болады 8 (7182) 639407,  639418

 

 

Жария етті admin | Күні 8-02-2017, 12:39

«Басты әндер» ән сайысы «Басты әндер» ән сайысы

8 ақпан 2017 жылы Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» декадасының өтуі аясында үйлер арасында «Басты әндер» сайысы болды. Әр отбасы сайысқа дайындық кезінде бірінші бөлімге достық, қуаныш, мейірімділік туралы 9 ән жаттау керек болатын. Шараға екі күн қалғанда әр отбасынан бір өкіл кезек алу арқылы ән нөмірі мен орындау кезегін білді. Екінші бөлімде көрініс дайындау керек болды, және отбасынан әнге дайындалған өкіл мәліметтерін дайындау.

        Міне, өз әндерін орындайтын уақыт келді. Сайыс қорытындысына сай ең шығармашыл отбасы «Бақыт»отбасы болып танылды, екінші орында – «Айголек» отбасы, үшінші орында – «Балдаурен» отбасы. Қалған қатысушылар «Ең тату отбасы», «Ең талантты отбасы», «Ең харизмалы отбасы», «Ең әнші отбасы» номинациялары бойынша алғыс хаттармен марапатталды. 

Жария етті admin | Күні 8-02-2017, 12:37

«Басты әндер» ән сайысы «Басты әндер» ән сайысы

 «Басты әндер» ән сайысы «Басты әндер» ән сайысы

 

Жария етті admin | Күні 7-02-2017, 12:10

Павлодар облыстық сурет музейінің дәрісі

7 ақпанда Кенжеккөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылында жиын залында «Павлодар облысының суретшілері мен ақындары» тақырыбында Павлодар қаласының сурет музейі дәріс оқыды. Тәрбиеленушілерге қонаққа музей өкілдері экскурсия жасатушы Бахытгуль Адильхан және Улпан Егимбаева келді. Бұл дәріске кітапханашы С.Н.Мадиева жетекшілік етті. Олар Павлодар облысы суретшілері мен ақындары туралы айтып берді. Келесі бөлімде А.С.Пушкиннің шығармашылығы мен өмірінен үзінді айтып берді, «О художнике» видеофильмін көрсетті. Музей қызметкерлері балаларды өздеріне музейге шақырды. Балаларға өте қызықты болды. Кездесу қызықты өтті, балалар Павлодар облысы өңіріндегі суретші, ақындар туралы көптеген мәліметтер алды. 

Загадочные и неповторимые шаблоны DLE для вашего портала.
Только русифицированные шаблоны Joomla помогут реализовать задумки.
Оптимизированные и стильные шаблоны WordPress для сайта на самом лучшем движке.
Элегантные и красивые шаблоны DLE являются лучшим помошников веб дизайнера.
Наверняка только такие шаблоны Joomla являются истинным выбором для ценителя прекрасного.
Не нужно думать и представлять, что шаблоны ВордПресс не могут быть верхом строгости и лаконичности.
Попробуйте выбрать только креативные шаблоны DLE и сконструировать уникальный проект.
Эти современные и легкие шаблоны Юкоз станут оптимальным способом украсить любой веб проект.