Жария етті admin | Күні 16-03-2016, 14:39

«Шақырылған кешкі ас» жобасының басталуы!

16 наурызда «Шақырылған кешкі ас» жобасының қатысушылары «Арай» супермаркетіндегі тауарлар бағасын көргеннен соң  «Small» супермаркетіне және «Greenwich»гипермаркетіне мерекелік түскі асқа арналған үстелге сауда жасауға барды.  

Басты мақсат мерекелік түскі асқа керек тағамдарды 8.000 теңгеге алу.  Балалар қуана алғашқы саудаларын жасады, тауардың сапасы, не алу керек, түскі асты қалай дайындау керектігін өзара ақылдасты.

Сауда жасалды және алда маңызды қадам – мерекелік тағамды жасау. Қатысушыларға сәттілік тілейміз!