Жария етті admin | Күні 15-03-2016, 10:31

«Шақырылған кешкі ас» жобасының басталуы! «Шақырылған кешкі ас» жобасының басталуы!

«Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылынан» барлығына сәлем! Бізде сіздерге жақсы жаңалығымыз бар. Біз Астана қаласында Халықаралық қарқорлық жасау комитетінен «Шақырылған кешкі ас» жобасына грант ұтып алдық. Мақсаты тәрбиеленушілердің өз қажеттіліктерін сатып алуды жоспарлай алуын, өздеріне азық-түлікті дұрыс таңдай алуын дамыту арқылы әлеуметтік бейімдеу болып табылатын біздің жобамыз дәстүрлі түрде 15 наурыз 2016 жылы басталды.

«Шақырылған кешкі ас» жобасының қатысушылары: «Нұр» отбасынан Бубеков Виктор, «Балауса» отбасынан Марущак Александр, «Балдаурен» отбасынан Петрова Оксана, «Бота» отбасынан Долинский Евгений, «Болашақ» отбасынан Балапанов Дамир, «Бақыт» отбасынан Шнейгербергер Вадим, «Шапағат» отбасынан Слюсарь Лиза, «Айголек» отбасынан Бекирова Ангелина, «Толқын» отбасынан Баранчуков Игорь, «Шығармашылық үй» Чупин Алексей.

15 наурызда «Шақырылған кешкі ас» жобасының қатысушылары «Арай» супермаркетінде азық-түліктердің бағаларын көру үшін барды. Балаларды ертіп психолог Карабаева А.А. және ПМПИ университетінен іс-тәжірибеден өтушілер көмектесті. Олар азық-түлікті мәзірге сай алуға және бағаларын жүйелеуге көмектесті.

Наурыз мерекесінің жақындауына орай әр қатысушыға 8000 теңгеге түскі ас әзірлеу керек деген тапсырма болды. Мерекелік түскі асқтың мәзіріне міндетті түрде ыстық тамақ, 2 салат, өздері жасаған  торт, бауырсақ болуы керек. Тек дәмдері ғана емес, сонымен қатар эстетикалық безендіруі мен ұсынылуына да назар аударылып есепке алынады.

 

 

 

 

Жария етті admin | Күні 15-03-2016, 10:30

«Шақырылған кешкі ас» жобасының басталуы! «Шақырылған кешкі ас» жобасының басталуы!

 «Шақырылған кешкі ас» жобасының басталуы! «Шақырылған кешкі ас» жобасының басталуы!

 «Шақырылған кешкі ас» жобасының басталуы!