Жария етті admin | Күні 31-03-2016, 14:01

Таланттылар шоуы «Жұлдызды сәт!»  Таланттылар шоуы «Жұлдызды сәт!»

31 наурыз 2016 ж. Кенжекөл ауылының балалар ауылы тәрбиеленуші- волонтерлері «Үздік волонтерлі топ» облыстық жобасының 2 кезеңіне қатысты. Бірінші кезең балалар үшін нәтижелі болды «Болашақ» үгітбригадасы  95 бал алды.  2 кезеңде таланттар-шоуы  «Жұлдызды сәт!» «Джаз дэнс» орта би тобы және Ленчин К., Флекман Б,Петрова Н  қатысты. Олар дипломадармен марапатталып 90 балға ие болды. 25 волонтерлі топтар арасында болашақшылар жақсы көрсеткішке ие болды.

Алда волонтерлерде шығарма жазуда сайыс, қамқорлық көрсету акциясын өткізу жоспарлары тұр. Жаңа жетістіктер мен табыстар тілейміз.

 

   

Жария етті admin | Күні 31-03-2016, 14:01

Таланттылар шоуы  «Жұлдызды сәт!»    Таланттылар шоуы  «Жұлдызды сәт!»

 Таланттылар шоуы  «Жұлдызды сәт!»    Таланттылар шоуы  «Жұлдызды сәт!»

 Таланттылар шоуы  «Жұлдызды сәт!»

 

Жария етті admin | Күні 30-03-2016, 13:58

Үгіт бригадасы «Жалынды жүрек» Үгіт бригадасы «Жалынды жүрек»

30 наурыз 2016 ж.  «Жалынды жүрек» командасы   «Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» ММ Екібастұз қаласындағы «Үлкен ел – үлкен отбасы» үгіт бригадасының 1 облыстық конкурсына қатысты.  

Балалар ауылының тәрбиеленушілері бұл сайысқа жауапкершілікпен қарады: сценарий жасады, дайындықтар жүргізді, біркелкі киім тігуге педагогтарға көмектесті, үгіт бетін салды. Сайыс тақырыбын ашу үшін патриоттық тәрбиені таңдап алды. Балалар өз көрсетілімдерінде жастарды павлодарлық-ұлы адамдарға, республика мен облыстарды дамытуға ат салысқан өз жерлестеріне теңесулеріне шақырды. Балалар ауылының балалары үшін ұлы-павлодарлықтар – патриот адамдар. Ал патриоттық – жердегі өмірдің негізі.

Сайыстың қорытындысы команданы 3 дәрежелі диплом мен кубокпен, ең үздік үгіт парағымен мараттау болды.  Тәрбиеленуші Степанова Марзия «Ең жарқын қатысушы» дипломымен марапатталды. Балалар ауылының тәрбиеленушілері барғандарына өте қуанышты, сахнадағы сырт-келбет көріністерімен бөлісті, көптеген әсер мен жақсы көңіл-күй алды.

Жария етті admin | Күні 30-03-2016, 13:57

Үгіт бригадасы «Жалынды жүрек» Үгіт бригадасы «Жалынды жүрек»

 Үгіт бригадасы «Жалынды жүрек» Үгіт бригадасы «Жалынды жүрек»

 Үгіт бригадасы «Жалынды жүрек» Үгіт бригадасы «Жалынды жүрек»

 Үгіт бригадасы «Жалынды жүрек»

 

Жария етті admin | Күні 18-03-2016, 16:38

Наурыз мейрамы - 2016 Наурыз мейрамы - 2016

17 және 18 наурыз күндері «Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» ММ-де Тәуелсіздіктің 25-жылдығына және «Мәңгілік ел» идеясына байланысты наурыз мейрамы өтті. Мейрам 2 кезеңге бөлінді.

17 наурыз күні  «Отбасым- киелі шаңырағым!» атты 1-кезең басталды.Бұл кезеңде әр отбасы қазақ халқының әдет-ғұрпын немесе салт-дәстүрін театрланған көрініс ретінде көрсетіп, қонақтарды дастархан басына отырғызады.Бұл жерде дастарханның молдығы, қазақ халқының  ұлттық тағамдарының саны және дәмі бағаланды.Әр отбасында өз ауылының атауы болды. Сонымен қоса әр ауыл ән айтып,шашу шашып, дастархан басында бата-тілектер айтылды.Әділ баға берген  қазылар алқасы: Кенжекөл ЖОББМ мен музыкалық мектебінің өкілдері және «Жас қанат» қоғамдық бірлестігінің өкілдері болды.

        18 наурыз күні «Кіл жүйрік,кім жүйрік?» атты 2-кезең басталды.Бұл кезеңде барлық балалар  жеке жеке  қазақ халқының ұлттық ойындарына (тоғыз құмалақ, дойбы, асық ату, қазақша күрес, көтермек, арқан тарту, армрестлинг) белсенді қатысты.Жеңіске жеткен балалар 1,2,3 орындарға ие болып, мақтау қағазымен марапатталды. 

Жария етті admin | Күні 18-03-2016, 16:36

Наурыз мейрамы - 2016 Наурыз мейрамы - 2016

 Наурыз мейрамы - 2016 Наурыз мейрамы - 2016

 Наурыз мейрамы - 2016 Наурыз мейрамы - 2016

 Наурыз мейрамы - 2016 Наурыз мейрамы - 2016

 Наурыз мейрамы - 2016 Наурыз мейрамы - 2016

 Наурыз мейрамы - 2016 Наурыз мейрамы - 2016

 Наурыз мейрамы - 2016

 

Жария етті admin | Күні 17-03-2016, 16:05

Бірінші этаптың аяқталуы  Бірінші этаптың аяқталуы

17  наурызда «Шақылырған кешкі ас» жобасының бірінші этапы өтті. Қатысушыларды біздің жақын достарымыз бағалады  Кенжекөл орта мектебі Мукапов Асхат Смагулович және Морозова Ольга Николаевна, сонымен қатар ДМК «Сункар» Досымханов Марат Жаскайратович  және Кенжекөл ауылының балалар музыка мектебі Бокош Масура Бокошкызы.

Қатысушылар өз үстелдерін жасап, отбасымен бірге Наурыз мерекесіне арналған  концерт көрді. Үстелдерде тағамдардың безендірілгенінен бастап, майлықтардың безендірілгеніне дейін шығармашыл болды. Залда балалардың қуанышы жүздерінен байқалып тұрды.

Әділ қазы алқаларының өзара әңгімесінен кейін Динара Жоломановна жеңімпазды атады, ол «Болашақ» отбасынан балапанов Дамир болды, 1 ұпай төмен алған «Шығармашылық үйі» Чупин Алексей, одан кейін «Нұр» отбасынан Бубеков Виктор және  Марущак Александр «Балауса» отбасынан. 2-3 ұпай төмен алған  Петрова Оксана «Балдаурен» отбасынан, Долинский Евгений «Бота» отбасынан , Шнейгербергер Вадим «Бакыт» отбасынан, Слюсарь Лиза «Шапагат» отбасынан. Аз ұпай алған   Бекирова Ангелина  «Айголек»  отбасынан  Баранчуков Игорь  «Толкын» отбасынан. Бірақ бұл ренжуге себеп емес, қатысушыларды алда тағы 2 этап күтіп тұр.

 

 

Жария етті admin | Күні 17-03-2016, 15:58

Бірінші этаптың аяқталуы   Бірінші этаптың аяқталуы

 Бірінші этаптың аяқталуы   Бірінші этаптың аяқталуы

 Бірінші этаптың аяқталуы   Бірінші этаптың аяқталуы

 Бірінші этаптың аяқталуы   Бірінші этаптың аяқталуы

 Бірінші этаптың аяқталуы   Бірінші этаптың аяқталуы

 Бірінші этаптың аяқталуы   Бірінші этаптың аяқталуы

Бірінші этаптың аяқталуы

 

Жария етті admin | Күні 16-03-2016, 14:39

«Шақырылған кешкі ас» жобасының басталуы!

16 наурызда «Шақырылған кешкі ас» жобасының қатысушылары «Арай» супермаркетіндегі тауарлар бағасын көргеннен соң  «Small» супермаркетіне және «Greenwich»гипермаркетіне мерекелік түскі асқа арналған үстелге сауда жасауға барды.  

Басты мақсат мерекелік түскі асқа керек тағамдарды 8.000 теңгеге алу.  Балалар қуана алғашқы саудаларын жасады, тауардың сапасы, не алу керек, түскі асты қалай дайындау керектігін өзара ақылдасты.

Сауда жасалды және алда маңызды қадам – мерекелік тағамды жасау. Қатысушыларға сәттілік тілейміз!

 

 

Жария етті admin | Күні 15-03-2016, 10:31

«Шақырылған кешкі ас» жобасының басталуы! «Шақырылған кешкі ас» жобасының басталуы!

«Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылынан» барлығына сәлем! Бізде сіздерге жақсы жаңалығымыз бар. Біз Астана қаласында Халықаралық қарқорлық жасау комитетінен «Шақырылған кешкі ас» жобасына грант ұтып алдық. Мақсаты тәрбиеленушілердің өз қажеттіліктерін сатып алуды жоспарлай алуын, өздеріне азық-түлікті дұрыс таңдай алуын дамыту арқылы әлеуметтік бейімдеу болып табылатын біздің жобамыз дәстүрлі түрде 15 наурыз 2016 жылы басталды.

«Шақырылған кешкі ас» жобасының қатысушылары: «Нұр» отбасынан Бубеков Виктор, «Балауса» отбасынан Марущак Александр, «Балдаурен» отбасынан Петрова Оксана, «Бота» отбасынан Долинский Евгений, «Болашақ» отбасынан Балапанов Дамир, «Бақыт» отбасынан Шнейгербергер Вадим, «Шапағат» отбасынан Слюсарь Лиза, «Айголек» отбасынан Бекирова Ангелина, «Толқын» отбасынан Баранчуков Игорь, «Шығармашылық үй» Чупин Алексей.

15 наурызда «Шақырылған кешкі ас» жобасының қатысушылары «Арай» супермаркетінде азық-түліктердің бағаларын көру үшін барды. Балаларды ертіп психолог Карабаева А.А. және ПМПИ университетінен іс-тәжірибеден өтушілер көмектесті. Олар азық-түлікті мәзірге сай алуға және бағаларын жүйелеуге көмектесті.

Наурыз мерекесінің жақындауына орай әр қатысушыға 8000 теңгеге түскі ас әзірлеу керек деген тапсырма болды. Мерекелік түскі асқтың мәзіріне міндетті түрде ыстық тамақ, 2 салат, өздері жасаған  торт, бауырсақ болуы керек. Тек дәмдері ғана емес, сонымен қатар эстетикалық безендіруі мен ұсынылуына да назар аударылып есепке алынады.

 

 

 

 

Предыдущая страница Следующая страница
1 2
Загадочные и неповторимые шаблоны DLE для вашего портала.
Только русифицированные шаблоны Joomla помогут реализовать задумки.
Оптимизированные и стильные шаблоны WordPress для сайта на самом лучшем движке.
Элегантные и красивые шаблоны DLE являются лучшим помошников веб дизайнера.
Наверняка только такие шаблоны Joomla являются истинным выбором для ценителя прекрасного.
Не нужно думать и представлять, что шаблоны ВордПресс не могут быть верхом строгости и лаконичности.
Попробуйте выбрать только креативные шаблоны DLE и сконструировать уникальный проект.
Эти современные и легкие шаблоны Юкоз станут оптимальным способом украсить любой веб проект.